Коэффициенттері үзілісті параболалық типті теңдеулерді көптеген авторлар бұрыннан жақсы зерттеген. Бұл еңбектерде есептер потенциалдар әдісімен интегралдық теңдеулерге келтіріліп, коэффициенттері үзілісті параболалық типті теңдеулер үшін әртүрлі бастапқы-шеттік есептердің қисынды шығарылуы дәлелденген. Үзіліссіз жағдайда бұл есептердің спектрлік теориясы толығымен құрылған. Бұл жұмыста жалпы локальды емес жағдайларда жылуөткізгіштік коэффициенті бөлікті- тұрақты жылуөткізгіштік теңдеуі үшін бастапқы-шеттік есептерді айнымалыларды бөлу әдісімен шешу негізделіп, кейбір дербес жағдайлар қарастырылған.
Жылуөткізгіштік теңдеу, үзілісті коэффициенттер, спектрлік теория, локалды емес шарттар, айнымалыларды бөлу әдісі
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
КОЭФФИЦИЕНТІ БӨЛІКТІ-ТҰРАҚТЫ ЖЫЛУӨТКІЗГІШТІК ТЕҢДЕУ ҮШІНБІР ЛОКАЛДЫ ЕМЕС ЕСЕП ТУРАЛЫ. (2024). "Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің Хабаршысы" ғылыми журналы, 68(2). https://vestnik.arsu.kz/index.php/hab/article/view/214