КВАДРАТ ҰЯШЫҚТАРЫ БАР ЕКІ ӨЛШЕМДІ ШЕКСІЗ ТОРДЫҢ ДИАГОНАЛЬДЫ НҮКТЕЛЕРІ АРАСЫНДАҒЫ КЕДЕРГІНІ ЕСЕПТЕУ

Жарияланды 2024-07-09
ФИЗИКА-МАТЕМАТИКА Нөмір 60 № 2 (2020)
№2 (2020)
Авторлар:
  • И.Ф. СПИВАК-ЛАВРОВ
  • М.С. ҚҰРМАНБАЙ
PDF (English)

Мақалада шексіз торлы резистор жүйелерінің әртүрлі түйіндері арасындағы кедергіні есептеу мәселесі қарастырылған. Ертеректе симметрия және суперпозиция әдісімен алынған нәтижелердің жуықтау болатынын растайтын жаңа қарсы мысалдар келтірілген. Шексіз торлы жүйелердің көршілес түйіндері арасындағы кедергіні есептеу үшін эквивалентті кедергі әдісін қолдануының әдептілігі дәлелденді. Бірдей r резисторлардан тұратын шексіз тордың квадрат ұяшықтарының диагональ нүктелері арасындағы кедергі есептеледі. Бұл кедергінің мәні r/√2 бұрын симметрия және суперпозиция әдісімен табылған 2r/𝝅 мәннен
өзгеше болып шықты. 

кедергіні есептеу; кедергілердіің шексіз екі өлшемді торлары; эквивалентті кедергі әдісі. бірдей

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

КВАДРАТ ҰЯШЫҚТАРЫ БАР ЕКІ ӨЛШЕМДІ ШЕКСІЗ ТОРДЫҢ ДИАГОНАЛЬДЫ НҮКТЕЛЕРІ АРАСЫНДАҒЫ КЕДЕРГІНІ ЕСЕПТЕУ. (2024). "Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің Хабаршысы" ғылыми журналы, 60(2). https://vestnik.arsu.kz/index.php/hab/article/view/201

Жүктеу сілтемесі