ӘНУАРБЕК ХАСАНОВТЫҢ ӨМІРІ МЕН ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ

Жарияланды 2024-07-05
ТАРИХ Нөмір 66 № 4 (2021)
№4 (2021)
Авторлар:
  • А.И. ИСИН
  • Ж.М. КОЖАКОВА
PDF (Russian)

Бұл зерттеу мақаласы қазақтан шыққан қырғыз ғалымы Әнуарбек Хасановтың өмір жолы мен ұстаздық қызыметі туралы. Ғалымның жеке өмірі туралы негізгі деректер қырғыз халқының мәліметтеріне сай жүргізіліп жинақталса, еңбектері мен ұстаздық қызыметі туралы шет елде тұратын туыстарына хат жолданып, мәліметтер жинақталды. Жұмысты жүйелеу үшін, ғалымдардың пікірі мен ғылыми еңбектеріне шолу жасалып, ақпараттар салыстырылды. Ғалымның негізгі еңбегі қырғыз ұлтының тарихындағы қалмақтармен болған тарихи
мәселелердің алғаш зерттелінуі қарастырылған. Қырғыз тарихының жазылуында ғалым Әнуарбек Хасановтың еңбегі орасан зор. Қырғыз тарихының дамуы мен бірге, бірнеше тарихи мәселелрге талдау жасаған қазақ ұлтының өкілі екенін атап өттік. Сонымен бірге, Әнуарбек Хасановтың тарихи көзқарастары мен қоғамдық-саяси қызметін зерттеудің өзектілігі, ең алдымен, бұл көрнекті қазақ тарихшысының жеке басын және жалпы тарихын,
сондай-ақ XX ғасырдың бірінші жартысындағы (қазақстандық та, қырғыз да) тарихи ойды зерттеу
сипаттамасындағы олқылықтың орнын толтыруға мүмкіндік береді. А.Х. Хасановтың қоғамдық қызметі мен тарихи көзқарастарын зерттеу арқылы -оның ғылыми еңбектеріне өзіндік бағасын береміз. Мақала ғалымның зерттеу еңбектерімен бірге өмірінің кейбір тұстарына шолу жасаумен аяқталады.

  1. Тентимишев М. Тарыхчы Анварбек Хасанов. – Бишкек.: Турар, 2011. – 224 б.
  2. Хасанов А. Х. Народные движения в Киргизии в период Кокандского ханства. Москва.: Наука, 1977. - 95 с.
  3. Аттокуров С. Кыргыздар XIX кылымда. Бишкек: Бийиктик, 2003. – 412 с.
Әнуарбек Хасанов, қырғыз ғалымы, қырғыз тарихы,ұстаздық жолы