РАДИОТЕЛЕХАБАР ТАРАТУ СТАНЦИЯЛАРЫН ҚАШЫҚТЫҚТАН БАҚЫЛАУДАҒЫ ZABBIX ЖҮЙЕСІНІҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ

Жарияланды 2024-07-05
ТЕХНИКА ҒЫЛЫМДАРЫ Нөмір 66 № 4 (2021)
№4 (2021)
Авторлар:
  • Ж.К. КУЛМАГАМБЕТОВА
  • А.А. АЙСАНОВ
PDF

Қазіргі таңда «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бүгінгі күннің басым міндеттерінің бірі болып табылады. Осыған орай, бағдарлама аясында телерадио хабарларын тарату
саласындағы ұлттық оператор - «Қазтелерадио» АҚ-ның тікелей қатысуымен және қолдауымен цифрлық
телехабар тарату жүйесіне көшу жобасы белсенді түрде жүзеге асырылуда.
Цифрлық телехабар тарату кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатқанын айта кетуіміз қажет, бірақ
сарапшылар қазірдің өзінде ол жаңа қызмет көрсету нарықтарының дамуына және арналардың маркетингтік күресінің жаңа кезеңіне серпін береді деп болжап отыр.
«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру секілді маңызды мәселедегі басты міндет – радио және телехабар тарату станцияларын салу. Қазір жобаға енгізілген 827 РТС-тің 546-сы салынды. Оның 52-і өткен жылы пайдалануға берілді: Солтүстік Қазақстанда – 13, Қызылорда мен Қарағандыда – 16, Атырауда – 8, Шығыс Қазақстанда – 6 , Ақтөбе облысында – 5, Ақмола облысында – 4.
Жалпы алғанда жоба кезең-кезеңімен жүріп жатыр, мәселен, 1 ақпанда Алматы қаласы цифрлық эфирлік
телехабар таратуға толығымен көшті. Сондай-ақ Қазақстан Республикасында бірқатар облыстар осы жүйеге көшіп, Маңғыстау, Жамбыл, Түркістан, Алматы, Павлодар, Қостанай облыстарында және Шымкентте аналогтық хабар тарату өшірілді. Ағымдағы жылдың 1 желтоқсанында жоба Нұр-Сұлтан қаласында және Қарағанды облысында аяқталады. 2023 жылы республика бойынша цифрлық эфирлік телехабар таратуды енгізу жобасын
аяқтау жоспарлануда, бұл цифрлық хабар таратумен халықтың 95 %-ын қамтуға мүмкіндік береді.
Бұл мақала жоғарыда көрсетілген бағдарлама бойынша салынатын радио және телехабар тарату
станцияларын қашықтықтан бақылауда қолданылатын Zabbix жүйесінің артықшылықтары туралы баяндалады.

  1. Левченко В.Н. Спутниковое телевидение в вашем доме. / В.Н. Левченко. – СанктПетербург: Полигон, 2014. – 222 с.
  2. Кривошеев М.И. Цифровое телевидение. / М.И. Кривошеев – Москва: Связь, 2012. – 204 с.
  3. Симонов М.М. Перспективные спутниковые системы Ка-диапазона, техника и средства связи. / М.М. Симонов. – Москва: Гротек, 2015. – 152 с.
  4. Новаковский С.В. Эффективные направления развития телевидения в XXI в. / С.В. Новаковский. – Москва: Гротек, 2015. – 212 с.
  5. Зотов А.А., Зотов В.А. О единой системе телевидения / А.А. Зотов, В.А. Зотов // V научная конференция ТГТУ – 2016. – № 6. – C. – 22-26.
«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы, цифрлық телехабар тарату жүйесі, радио және телехабар тарату станциялары, қашықтықтан бақылау, мониторинг, Zabbix жүйесі.