МОДУЛЬДІК ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Жарияланды 2024-07-05
ПЕДАГОГИКА Нөмір 67 № 1 (2022)
№1 (2022)
Авторлар:
  • Ж.Қ. ХОДЖАБЕРГЕНОВА
  • Р.О. ОРЫНБАСАР
PDF (Russian)

Ұсынылған мақалада модульдік технология арқылы оқыту тәжірибесі берілген. Оқу модулінің
құрылымдық құрамдас бөліктері қарастырылады, күрделі және нақты дидактикалық мақсаттарды тұжырымдау
нұсқалары берілген. Білім алушылардың өзіндік жұмыстарын әр түрлі деңгейлерде, бақылау түрлерінің
формасын модульге сәйкес дайындау арқылы қорытындылау жүйесі қарастырылған. Модульдің жалпы
мағынасы мен блоктардың бірнеше модульге бөлінуі, саты бойынша орындалу деңгейі келтірілген. Мұндай
сабақта студенттер әртүрлі ақпарат көздерін қолданып: бақылау, эксперимент, оқулықтар мен оқу құралдарын,
интернетті пайдалана отырып, өздігінен жаңа білім алады. Заманауи сабақ оқушылардың оқу-танымдық
міндеттерін бірлесіп шешуде ақпарат алмасуына мүмкіндік беретін оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастырудың
топтық формаларымен сипатталады.
Оқыту-тәрбие процестеріне бұрын cоңды қолданылмаған педагогикалық технологияны енгізу тек білім
алушылардың үйренуіне және оның оқытудың жаңа әдістемеге психологиялық дайындығын, сонымен қатар
оқытушының жаңа білімді білім алушының толық қамтитындай оқыту үдерісін түрлендіріп дайындауды қажет
етеді, ал педагог осы процесті бақылап отыру керек. Осы талаптардың барлығына көбінесе модульдік оқытуға
сәйкес келеді, яғни бұл кезде білім алушы жеке бағдарлама бойынша біртіндеп немесе толығымен жеке жұмыс
жасай алады.

модуль, технология, білім, химия, бақылау, әдістеме, білім сапасы