ДӘСТҮРЛІ ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДАҒЫ БИЛЕР ИНСТИТУТЫ ЖӘНЕ ОНЫҢХІХ ҒАСЫРДАҒЫ ТРАНСФОРМАЦИЯСЫ

Жарияланды 2026-10-01
ТАРИХ Нөмір 85 № 3 (2026)
Том 85 № 3 2026
Авторлар:
  • МӘДЕН А.Т.
  • МУСТАФИНА Ж.Д.
PDF

Мақалада дәстүрлі қазақ қоғамындағы билер институтының қалыптасуы, қоғамдық-саяси және құқықтық қызметі, сондай-ақ XIX ғасырдағы Ресей империясының әкімшілік-құқықтық реформалары жағдайындағы өзгерістері қарастырылады. Билер институты қазақ қоғамының дәстүрлі басқару жүйесінің маңызды құрамдас бөлігі ретінде талданып, билердің сот төрелігін жүзеге асырумен қатар қоғамдық қатынастарды реттеу, ел ішіндегі дауларды шешу, саяси мәселелерге араласу және дипломатиялық қызмет атқарудағы орны айқындалады. Зерттеуде билердің қоғамдық беделінің қалыптасу ерекшеліктеріне, оларды таңдаудың дәстүрлі қағидаларына және билер сотының әдет-ғұрып құқығымен байланысына назар аударылады. Сонымен қатар XIX ғасырда Ресей империясының қазақ даласында жүргізген әкімшілік-құқықтық реформаларының билер институтының мәртебесі мен қызметіне тигізген ықпалы сараланады. 1822 және 1824 жылдардағы реформалардан бастап XIX ғасырдың екінші жартысында қабылданған әкімшілік ережелерге дейінгі өзгерістер негізінде дәстүрлі билік институтын империялық басқару жүйесіне бейімдеу үдерісі қарастырылады. Зерттеу нәтижесінде патша өкіметінің реформалары билер институтын бірден жоймағанымен, оның дәстүрлі қоғамдық-саяси мазмұнын біртіндеп өзгертіп, қызмет аясын негізінен жергілікті сот ісімен шектеуге бағытталғаны тұжырымдалады. Осы тұрғыдан билер институтының XIX ғасырдағы трансформациясы қазақ қоғамының дәстүрлі басқару құрылымдарының Ресей империясының әкімшілік жүйесіне кірігу үдерісінің құрамдас бөлігі ретінде бағаланады.

МӘДЕН А.Т.

Тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе қ., Қазақстан.

E-mail: amaden@zhubanov.edu.kz, https://orcid.org/0000-0003-4498-8105

МУСТАФИНА Ж.Д.

PhD, аға оқытушы, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе қ., Қазақстан.

E-mail: zhmustafina@zhubanov.edu.kz, https://orcid.org/0000-0002-2705-8443

  1. Валиханов Ч.Ч. Записка о судебной реформе. Суд биев в древней народной форме //
  2. Собрание сочинений в 5-ти томах. Т. 4. – Алма-Ата, 1985. – 461 с. - 77–104 бб.
  3. Абай. Екі томдық шығармалар жинағы. 2 том. – Алматы, 1986. – 200 б.
  4. Құдайбердіұлы Ш. Би һәм билік туралы / Қазақ. – Алматы, 1994. – 176 б.
  5. «Қазақ» газеті. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998. – 560 б.
  6. Байтұрсынов А. Тағы да народный сот хақында / Ақ жол: өлеңдер мен тәржімелер,
  7. публистикалық мақалалар және әдеби зерттеу. – Алматы: Жалын, 1991. – 460 б.
  8. Зиманов С.З. Общественный строй казахов первой половины XIX в. – Алма-Ата: Изд-во АН КазССР, 1958. – 296 с.
  9. Бекмаханов Е. Казахстан в 20-40-х годах ХІХ в. – Алма-Ата, 1992. – 400 с.
  10. Аполлова Н.Г. Присоединение Казахстана к России в 30-х годах ХVІІІ в. – Алма-Ата, 1948. – 255 с.
  11. Вяткин М. Батыр Срым. – Алматы: Санат, 1998. – 344 с.
  12. Оразбаева А.И. Қазақ қоғамындағы билер институты: тарихи бастаулары, орны және рөлі (ХVІІІ ғ.). Тарих ғыл. кандидаты ғылыми дәр. алу үшін дайындалған диссертацияның авторефераты. – Алматы, 1998. – 30 б.
  13. Устав о сибирских киргизах. 22 июня 1822 г. / Материалы по истории политического строя Казахстана. Том 1. – Алма-Ата, 1960. – 440 с. – С. 93-109.
  14. Положение об управлении Оренбургскими казахами. 14 июня 1844 г. / Материалы по истории политического строя Казахстана. Том 1. – Алма-Ата, 1960. – 440 с. – С. 216-226.
  15. Утвержденное положение Сибирского комитета о распространении на казахов Сибирского ведомства общих законов Российской империи. 19 мая 1854 г. / Материалы по истории политического строя Казахстана. Том 1. – Алма-Ата, 1960. – 440 с. – С. 183-186.
  16. Временное положение об управлении в Уральской, Тургайской, Акмолинской и Семипалатинской областях. 21 октября 1868 г. / Материалы по истории политического строя Казахстана. Том 1. – Алма-Ата, 1960. – 440 с. – С. 323-340.
  17. Положение об управлении Акмолинской, Семипалатинской, Семиреченской, Уральской и Тургайской области. 25 марта 1891 г. / Материалы по истории политического строя Казахстана. Том 1. – Алма-Ата, 1960. – 440 с. – С. 387-399.
  18. Арын М.Ғ. Хан атаулының қазығы, қара бұқараның азығы // Саясат, 1996. - №12. – 71-73 бб.
  19. Артықбаев Ж.О. Қазақ этнографиясы: этнос және қоғам. ХVІІІ ғ. – Қарағанды, 1995. – 266 б.
  20. Қозыбаев М. Жауды шаптым ту байлап. – Алматы, 1994. – 192 б.
билер институты, дәстүрлі қазақ қоғамы, билер соты, әдет-ғұрып құқығы, Ресей империясы, әкімшілік реформалар, құқықтық реформалар, отарлық басқару