ГҮЛЗЕЙНЕП СӘДІРҚЫЗЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ: КӨРКЕМДІК ІЗДЕНІС ЖӘНЕ АВТОРЛЫҚ КОНЦЕПЦИЯ

Жарияланды 2026-09-30
ТІЛ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ Нөмір 85 № 3 (2026)
Том 85 № 3 2026
Авторлар:
  • ОРДА Г.Ж.
PDF

Мақалада белгілі журналист, жазушы Гүлзейнеп Сәдірқызының «Әйел жаны» жинағына енген прозалық шығармаларындағы әйел болмысы, ана тағдыры және адам психологиясының көркемдік бейнеленуі қарастырылды. Зерттеу нысанына жазушының әдеби байқауларда жүлделі орындарға ие болған шығармалары алынып, олардың тақырыптық-идеялық және көркемдік ерекшеліктері сараланды. Қазақ әдебиетіндегі әйел-ана бейнесін қалыптастыру дәстүрінің сабақтастығы негізінде Гүлзейнеп Сәдірқызының «Айбибі» және «Әйел жаны» жинақтарына енген туындылары қазіргі қазақ прозасындағы әйелдер галереясын толықтыратын көркемдік құбылыс ретінде бағаланды. Зерттеу барысында шығармалардың сюжеттік-композициялық құрылымы, кейіпкерлер жүйесі және психологизм тәсілдері талданып, жазушының кейіпкердің ішкі әлемін, рухани толғанысын, психологиялық күйзелісі мен адамгершілік таңдауларын бейнелеудегі көркемдік ізденістері айқындалды. Өмір шындығының көркем шындыққа айналу үдерісі нақты өмірлік материал мен жекелеген адам тағдырларын көркемдік жинақтау тұрғысынан қарастырылып, олардың әлеуметтік, моральдық-этикалық мәселелермен сабақтастығы анықталды. Жазушының әңгімелері мен «Шерағаның қызыл шапаны» естелік-эссесіндегі кейіпкерлердің өмір жолы, тағдыр тауқыметі және рухани ізденістері әйел болмысының дара қырларын танытумен қатар, белгілі бір әлеуметтік ортаның қоғамдық-адамгершілік шындығын бейнелейтіні тұжырымдалды. Автордың әйел тұлғасын сомдаудағы көркемдік ұстанымы, психологизмді қолдану ерекшелігі және кейіпкер тағдырын әлеуметтік-рухани контексте бейнелеу шеберлігі ғылыми тұрғыдан сараланды.

ОРДА Г.Ж.

Филология ғылымдарының докторы, доцент (ӘӨИ), М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан.

Е-mail: Orda_68@mail.ru, https://orcid.org/0000-0001-5930-3784

  1. Азибаева Б. Сюжеты казахского эпоса: монография. - Алматы: Servise Press, 2014. – 576 с.
  2. Нурбаева А.М., Жетибай Р.К., Оспанов Е.Т., Найманбаев А.А. Женские демонические образы в тюркской мифологии: роль и символика Жалмауыз кемпір, Албасты, Жезтырнак, Мыстан кемпір и Күлдіргіш // Turkic Studies Journal. – №2. – 2025. – Б. 128-147.
  3. Есмагулова Г.Ж., Жусупова Р.К. Героические женские образы в «Книге моего деда Коркуда // KazNU Bulletin. Philosophy series. Cultural science series. Political science series. 2015. №2 (51). 69-75.
  4. Тапанова С. Қазақ романдарындағы ғашықтық сарын: монография. – Алматы: Эпиграф, 2021. - 352 б.
  5. Касымова Д.Б., Телеуова Э.Д. Формирование образа «советской женщины» в современной западной историографии // KazNU Bulletin. History series. 2015. №3 (78). 85-88.
  6. Хусаинова А. К. Қазақ және түрік әдебиетіндегі әйелдер образы Ж. Аймауытұлы мен Р.Н.Гюнтекин прозасы бойынша) // Ш. Уәлиханов атындағы КУ хабаршысы. Филология сериясы. 2025. № 4. 247-259.
  7. Сәдірқызы Г. Әйел жаны. – Алматы: «Alqa Publishing», 2025. – 232 б.
  8. Сәдірқызы Г. Ақтоқал (әңгіме). [Электрондық ресурс]. – 4 желтоқсан, 2025 // https://rast.kz/aqtoqal/ (қаралған күні: 06.08.2026).
  9. Gulzhakhan Orda, Zhansulu Sarsenbayeva, Bibigul Sultanova, Nurmukhamed Abilkhaiyrov, Kulsun Abdrakhmanova. Аrtistic transformation of the female image in kazakh literature // Author, P. (2021). Mankind Quarterly, 61(3), 653-668. http://doi.org/10.46469/mq.2021.61.3.16
  10. Сәдірқызы Г. Нәлет (әңгіме). [Электрондық ресурс]. – 10 желтоқсан, 2025 // https://rast.kz/nalet-anggime/ (қаралған күні: 04.08.2026).
  11. Мәдібай Қ., Төлеу А. Сара Мыңжасарованың «Әйел бақыты» романындағы әйел образдарының гендерлік бірегейлігі // «Керуен» ғылыми журналы. 2025. №2, 87-том. 17-32.
  12. Мұсабекқызы А. Әйел тақырыбына арналған кітап: Айбибі өмірде бар кейіпкер ме? [Электрондық ресурс]. // Ұлт порталы. – 2025, 6 ақпан. https://ult.kz/kz/post/ayel-takyrybyna-arnalgan-kitap-aybibi-omirde-bar-keyipker-ma, (қаралған күні: 02.04.2026).
  13. Сұлтанғалиева О.Қ., Абдуллина А.Б. Қазіргі қазақ прозасындағы гендерлік таным көріністері (А. Кемелбаева прозасы негізінде) // Ш. Уәлиханов атындағы КУ хабаршысы. Филология сериясы. 2026. № 1. 70-83.
қазіргі қазақ прозасы, әйел бейнесі, әйел-ана, психологизм, ішкі монолог, ретроспективті баяндау, портреттік сипаттау