АЗАМАТТАРДЫҢ ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛ КЕҢІСТІГІНДЕГІ ОБЪЕКТИВТІ ЖӘНЕ СУБЪЕКТИВТІ ҚАСИЕТТЕРІНІҢ ЖАЛПЫ ЖІКТЕЛУІ

Жарияланды 2024-07-04
ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ Нөмір 63 № 1 (2021)
№1 (2021)
Авторлар:
  • Е.М. БЕРДЫБАЕВ
PDF (Russian)

Азаматтардың ар-намысы, қадір-қасиеті және іскерлік беделі сияқты жеке мүліктік емес құқықтарының теориялық мәні қарастырылады. Бұл ретте Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасындағы барлық үш құқықтың элементтері мен құрамдас бөліктеріне ерекше рөл берілетіндігі көрсетілген. Қазіргі қоғамымыздағы азаматтық құқықтық қатынастардың сананың прогрессивті даму деңгейімен байланысты демократиялық, зайырлы және құқықтық мемлекет орната отырып, көптеген елдердің іс-тәжірибесінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына баса назар аудара бастағандығы байқалады. Осы ретте азаматтардың ар-намысынa, қадір-қaсиетін жәнe іскeрлік беделін сақтандырылуы өзектілікке ие болып, бұл азаматтардың мүліктік емес құқықтарына қысым жасалған жағдайда олардың құқықтық деңгейде сақтандырылуы азаматтар үшін өте ыңғайлы болары сөзсіз. Егерде мемлекеттік аумақтық бірліктің азаматтық заңнамасында ар-намысқа, қадір-қасиетке және іскерлік беделді құқықтық қорғауға қатысты азаматтар мен ұйымдардың жеке мүліктік емес жанжалдарына қатысты теориялық таным шекарасын кеңейтуге мүмкіндік береді. Ар-намыс пен іскерлік бедел сияқты компоненттердің элементтері жеке тұлғалардың жеке мүліктік емес
қасиеттерін зерттеудің теориялық кеңістігінде үлкен маңызға ие, себебі мұндай компоненттердің ажырамас құрамдас бөлігі болып табылады. Жеке мүліктік емес құқықтар бойынша азаматтық-құқықтық процеске ерекше психологиялық бейіндегі мамандарды тарту азаматтардың абыройын, қадір-қасиетін және іскерлік беделін
қорғауға мүміндіктер болар еді. Осы орайда психолог мамандардыда азаматтық-құқықтық процеске қатыстыру маңызды екенін түсінеміз. 

Ар-намысы, қадір-қасиет, іскерлік бедел, азаматтық құқық, сақтандыру, мүліктік емес қатынас.

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

АЗАМАТТАРДЫҢ ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛ КЕҢІСТІГІНДЕГІ ОБЪЕКТИВТІ ЖӘНЕ СУБЪЕКТИВТІ ҚАСИЕТТЕРІНІҢ ЖАЛПЫ ЖІКТЕЛУІ. (2024). "Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің Хабаршысы" ғылыми журналы, 63(1). https://vestnik.arsu.kz/index.php/hab/article/view/117

Жүктеу сілтемесі