КВАЗИМЕМЛЕКЕТТІК СЕКТОРДАҒЫ КОМПЛАЕНС ИНСТИТУТЫН ЕНГІЗУДЕГІ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР

Жарияланды 2024-07-04
ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ Нөмір 74 № 4 (2023)
№4 (2023)
Авторлар:
  • Н.С. ҚАЛАУОВ
  • Ж.Ж. ДАВЛЕТБАЕВА
PDF

Мақалада квазимемлекеттік сектор субьектілеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің қалыптасуы, бүгінгі жағдайы мен ҿзекті мҽселелері кҿрсетіген. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің ҽлемдік тҽжірибедегі орны, оның маңызы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жүргізудегі басымдықтары айқындалған.
Халықаралық озық тҽжірибелердің принциптері, қазақстандық сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің функциялары жіктелген. Мақалада квазимемлекеттік сектор субьектілерінің қызметінің осал тұстарына мысал келтіріліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қамтамасыз етуде комплаенс-қызметтің маңызды орын алатыны кҿрсетілген.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асырудағы комплаенс-қызметтің ҿзекті мҽселелері қатарына комплаенс-қызмет жұмысына басшылықтың тартылу тҿмендігі, кадр ҽлеуетінің ҽлсіздігі, корпоративтік құндылықтарды ілгерілетудегі бизнес-процестердің жеткіліксіз ұйымдастырылуы кҿрсетілген. Комплаенс-қызмет туралы үлгілік ереже нормаларының күнделікті тҽжірибедегі жеткіліксіз тұстары айқындалған.
Қорытындысында комплаенс-қызметтің тиімділігін арттыру үшін басшыға тікелей бағынышты ұйымдардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтерді аутсорсингке беру ұсынылған. Сондай-ақ, кадрлар ҽлеуетін арттыру үшін жоғарғы оқу орындарында комплаенс-офицерлер дайындайтын оқу бағдарламаларын енгізу, мамандықтар реестріне қосу туралы да ұсыным жасалған.

Халықаралық тҽжірибе, квазимемлекеттік сектор, комплаенс-қызмет, комплаенс-офицер, сыбайлас жемқорлық тҽуекелі, үлгілік ереже