Бұл мақалада микробтық тыңайтқыштар, олардың эндемиялық фактор қағидатына сәйкес топырақ құнарлылығы мен ауыл шаруашылығы дақылдарының өсуіне әсері қарастырылады. Ақтөбе облысының топырақтарын қарашірік қабаты жұқа, минералдануы төмен, тығыз құрылымды, орташа ылғал сыйымдылығы бар каштан топырақтар тобына жатқызуға болады. Мұндай топырақтар пайдалану барысында тез деградацияға ұшырап, қоректік қасиеттерін жоғалтып, кейіннен эрозияға бейім келеді.
Эрозияны тоқтату және оның алдын алу егістік режимін, ауыспалы егісті және тыңайтқыш енгізу талаптарын сақтай отырып, сауатты ауыл шаруашылығы қызметі арқылы мүмкін болады. Бұл ретте топырақ микрофлорасына ерекше назар аудару қажет, себебі ол азотты фиксациялайтын, фосфор мен калийді мобилизациялайтын, топырақтың ылғал ұстау қасиеттерін жақсартатын, өсімдіктерді зиянкестер мен вирустық және бактериялық патогендерден қорғайтын, өсімдіктің өсуі мен вегетативтік бөлігінің дамуын ынталандыратын, өнімділікті арттыратын күрделі әрі көпқырлы динамикалық табиғи микроорганизмдер кешені болып табылады.
Топырақ микроорганизмдері алуан түрлі, қолдануға қарапайым, бірегей, ерекше, экологиялық таза және зиянсыз болғандықтан, аграрлық индустрияны дамытуда, биологизацияда, экожүйелердегі табиғи симбиотикалық байланыстарды қалпына келтіру мен нығайтуда үлкен әлеуетке ие. Әсіресе азотфиксациялаушы микроорганизмдер перспективалы болып саналады: еркін тіршілік ететін бактериялар (Azotobacter, Clostridium), симбиотикалық түйнек бактериялары (Rhizobium, Bradyrhizobium) және ассоциативті формалар (Azospirillum). Олар өсімдік қоректенуіндегі негізгі макроэлементтердің бірі болып табылатын атмосфералық азотты (N₂) сіңіруге қабілетті.
КАЗКЕЕВ Е.Т.
Биология ғылымдарының кандидаты, доцент, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе қ., Қазақстан
E-mail: kazkeev@internet.ru, https://orcid.org/0000-0002-6670-1286
МОЛДЕКОВА И.Ж.
Ғылым магистрі, аға оқытушы, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе қ., Қазақстан
E-mail: imoldekova@zhubanov.edu.kz, https://orcid.org/0009-0000-5431-7896
МАНСУРОВА А.М.
6B01505-Биология ББ 4 курс студенті, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе қ., Қазақстан
E-mail: irinamol1234@mail.ru, https://orcid.org/0009-0002-8721-0096
- Власенко А. В. Биопрепараты нового поколения: теоретические основы и агрономическая практика // Современное сельское хозяйство. – 2019. – № 2. – С. 55–62.
- Upadhyay P. K., Dey A., Singh V. K., Dwivedi B. S., Singh R. K., Rajanna G. A., Babu S., Rathore S. S., Shekhawat K., Rai P. K., Choudhury N. K., Budhlakoti N., Mishra D. C., Rai A., Singh A., Bhardwaj A. K., Shukla G. Changes in microbial community structure and yield responses with the use of nano fertilizers of nitrogen and zinc in wheat–maize system // Scientific Reports. – 2024. – Vol. 14. – https://doi.org/10.1038/s41598-023-48951-3. DOI: https://doi.org/10.1038/s41598-023-48951-3
- Mendybaev E. Kh., Moldekova I. Zh. Bioindication of agrocenosis // Вестник Западно-Казахстанского университета. – 2020. – № 3(79). – С. 230–236.
- Glick B. R. Plant Growth-Promoting Bacteria: Mechanisms and Applications // Scientifica. – 2012. – Article ID 963401.
- Турсунов К. Т. Почвенные микроорганизмы и их значение в сельском хозяйстве // Аграрная наука Казахстана. – 2020. – № 4. – С. 23–28.
