ҚАЗАҚ ҚҰҚЫҚ ЖҮЙЕСІНДЕГІ БИЛЕР ИНСТИТУТЫНЫҢ РӨЛІ:ТАРИХИ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАЛДАУ

Жарияланды 2026-06-30
ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ Нөмір 84 № 2 (2026)
Том 84 №2 2026
Авторлар:
  • ДАЙРАБАЕВА Н.К.
PDF

Мақалада қазақ қоғамындағы құқықтық және әдет-ғұрыптық нормаларды қалыптастыру мен дамытудағы билер институтының тарихи-құқықтық рөлі жан-жақты қарастырылады. Авторлар билер институтының қазақ халқының қоғамдық-саяси өміріндегі орнына, оның құқықтық қатынастарды реттеудегі қызметіне және дәстүрлі құқық жүйесінің қалыптасуына қосқан үлесіне талдау жасайды. Зерттеу барысында билер сотының ерекшеліктері, дауларды шешу тәртібі, сот процесінің жариялылығы, билердің шешендік өнері мен әділдік қағидалары кеңінен сипатталған. Сонымен қатар, билердің тек сот қызметін атқарып қана қоймай, құқықтық нормаларды жетілдіруге, қоғамдағы тәртіп пен бірлікті сақтауға, әлеуметтік келісім мен татулықты нығайтуға ықпал еткені көрсетіледі.

Мақалада «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», «Жеті жарғы» сияқты дәстүрлі заңдар мен билердің құқық шығармашылық қызметі арасындағы байланыс ашып көрсетілген. Билердің шешімдері құқықтық прецедент ретінде танылып, қоғамдағы құқықтық сананың, моральдық құндылықтардың және жауапкершілік қағидаларының қалыптасуына әсер еткені негізделеді. Сондай-ақ билер институтының құқықтық реттеу тетігі ғана емес, саяси басқару мен қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз етудің маңызды институты болғаны айқындалады.

Зерттеу әдіснамасы тарихи-құқықтық, салыстырмалы-құқықтық және жүйелік талдау тәсілдеріне негізделген. Авторлар тарихи деректерді, дәстүрлі құқық ережелерін және билер қызметіне қатысты ғылыми еңбектерді кешенді түрде талдай отырып, билер институтының құқықтық табиғатын және эволюциясын сипаттайды.

Сондай-ақ қазіргі кезеңдегі билер кеңесі мен ақсақалдар алқасының ұлттық құқықтық мәдениетті жаңғыртудағы, қоғамдық келісімді нығайтудағы және медиациялық тәжірибені дамытудағы маңызына назар аударылады. Авторлар билер институтының тарихи тәжірибесі қазіргі құқықтық мемлекет құру, құқықтық мәдениетті арттыру және дауларды бейбіт жолмен шешу тетіктерін жетілдіру жағдайында да өзекті екенін атап көрсетеді. Зерттеу нәтижесінде билер институтының қазақ қоғамындағы құқықтық мәдениетті қалыптастырудағы тарихи маңызы, оның құқықтық мұра ретіндегі құндылығы және қазіргі қоғам үшін практикалық әрі ғылыми өзектілігі айқындалады.

ДАЙРАБАЕВА Н.К.

Заң ғылымдарының магистрі, қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасының меңгерушісі, Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті, Атырау қ., Қазақстан  

E-mail: dairabayeva.n@gmail.com, https://orcid.org/0000-0001-9180-1177

  1. «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиум. https://www.akorda.kz/kz/memleket-basshysy-kasym-zhomart-tokaevtyn-altyn-orda-dala-orkenietinin-ulgisi-tarih-arheologiya-madeniet-biregeylik-atty-halykaralyk-simpoziumda-soylegen-sozi-1945728
  2. Культелеев М.Т. Уголовное обычное права казахов с момента присоединения Казахстана до установления советской власти. Алма-Ата. Изд-во: АНКазССР, 1955. 300 с.
  3. История государства и права Казахской ССР. Часть 1. Алма-Ата: «Мектеп», 1982. 181 стр.
  4. Зиманов С.З. Общественный строй казахов первой половины ХІХ века. Алма-Ата: Изд-во: АНКазССР, 1958. 293 стр.
  5. Маковецкий П.Е. Материалы для изучения юридических обычаев киргизов. Материальное право. Омск, 1886. Вып: 1; 2;
  6. Материалы по казахскому обычному праву /Сост. Т.М.Культелеев, М.Г.Масевич; Г.Б. Шакаев. Алма-Ата. Изд-во: АНКазССР, 1948. C6.1 350 стр
  7. Словоохотовь А.Л. Народный суд обычного права киргиз Малой Орды. Труды Оренбургской ученой архивной комиссии. Оренбург. 1905. Вып. 15
  8. Созақбаев С. Тәуке хан. Жеті жарғы. Алматы: «Санат», 1998. 44 б.
  9. Кенжалиев З.Ж. Көшпелі қазақ қоғамындағы дәстүрлі құкыктық модениет (теориялық мәселелері, тарихи тағлымы). Алматы: «Жеті жарғы», 1997. 192 б.
  10. Максимов Александр Иванович (1854-1915). Суд у киргиз Тургайской области в XVIII и XIX веках / Суд у киргиз Тургайской области в восемнадцатом и XIX веках / Казань: типо-лит. Имп. Казан. ун-та, 1904. 105 стр.
  11. Вяткин М. Батыр Срым. Алматы: «Санат», 1998. 344 с.
  12. Қазақ совет энциклопедиясы. Алматы: «Қазақ энциклопедиясының бас редакциясы» 1975 ж. 6 том.
билер институты, әдет-ғұрып құқығы, билер соты, құқықтық мәдениет, жеті жарғы, қазақ қоғамы, құқықтық нормалар