Қазақ халқының тарихы көптеген маңызды әрі күрделі кезеңдерден тұрады. Тарихи оқиғалар ұлттық дүниетанымның, мәдени құндылықтардың және тілдік сананың қалыптасуына елеулі ықпал етті. Осы тұрғыдан алғанда, тарихи романдарды білім беру үдерісінде пайдалану студенттердің лингвомәдени құзыреттілігін дамытуға мүмкіндік береді. Зерттеудің мақсаты – Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» романын қазақ тілін оқыту барысында лингвомәдени құзыреттілікті қалыптастырудың тиімді құралы ретінде қарастыру. Аталған шығарма қазақ халқының ортағасырлық тарихын көркемдік тұрғыдан бейнелеп, тарихи шындықты ұлттық дүниетаным, салт-дәстүр және тілдік ерекшеліктермен сабақтастырады. Романда кездесетін тарихи атаулар, тұрақты тіркестер, этномәдени ұғымдар, мақал-мәтелдер, антропонимдер мен қоғамдық қатынастарды сипаттайтын тілдік бірліктер студенттердің тілдік және мәдени білімін кеңейтуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар шығармадағы кейіпкерлердің әлеуметтік мәртебесі мен өзара қарым-қатынасы тілдік құралдардың қолданылу ерекшеліктерін түсінуге жағдай жасайды. Тарихи оқиғаларға негізделген сюжеттік құрылым студенттердің мәтін мазмұнын болжау, тарихи-мәдени контексті түсіндіру және тілдік бірліктердің ұлттық мәнін анықтау қабілеттерін жетілдіреді. Осылайша, «Көшпенділер» романы қазақ тілін оқытуда тіл мен мәдениетті өзара байланыстыра отырып, студенттердің лингвомәдени құзыреттілігін кешенді дамытуға ықпал ететін маңызды көркем-дидактикалық ресурс болып табылады.
НУРКАДЫРОВА Ж.Д.
2 курс докторанты, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан
E-mail: nurkadyrova88@gmail.com, https://orcid.org/0009-0007-3629-6391
ТЫМБОЛОВА А.О.
Филология ғылымдарының докторы, профессор, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан.
E-mail: tymbolova@mail.ru, https://orcid.org/0000-0002-4757-2618
- Байкадамова А. Н., Бижкенова А. Е. Вербально-концептуальный анализ исторического персонажа в трилогии Ильяса Есенберлина «Кочевники» // Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы. – 2022. – Т. 66, № 3. DOI: 10.48371/PHILS.2022.66.3.016.
- Орда Г. Ж., Сарсенбаева Ж. Б. І. Есенберлиннің «Алтын Орда» тарихи трилогиясындағы мемлекеттік идея және тарихи тұлға тұжырымдамасы // Keruen. – 2023. – Т. 79, № 2. — Б. 98–115. — DOI: 10.53871/2078-8134.2023.2-08.
- Сералимова С., Бейсенова Ж. Культурные коды в художественном переводе // Вестник Евразийского гуманитарного института. – 2025. – № 2. – С. 140–150.
- Хасенова Н. Ж., Мукатаева К. Б. Перевод культурно-обусловленных слов и выражений, а также пословиц с казахского на английский язык (на материале трилогии «Кочевники» И. Есенберлина) // Вестник Северо-Казахстанского университета им. М. Козыбаева. – 2025. – № 2 (66). – С. 245–253.
- Карагулова Б. С., Мухтарова С. С., Койлыбаева Р. К. Вопросы трансформации в переводе // Tiltanym. – 2024. – № 2. – С. 140–149.
- Iskakova A. The concept of “space” in the Kazakh worldview // Tiltanym. – 2025. – Vol. 96, No. 4. – P. 80–89.
- Бауыржанулы Е., Ашимханова С. А. Роль фоновых знаний в сохранении смыслового единства текста в художественном переводе: на примере трилогии И. Есенберлина «Кочевники» // Keruen. – 2023. – Т. 80, № 3. – С. 189–199.
- Мулкаманова А. Ж., Карагулова Б. С., Аребаев Г. Т. Қазақ тіліндегі зоофразеологизмдердің аудармадағы көрінісі (І. Есенберлиннің «Көшпенділер» романы, қазақ, орыс, ағылшын тілдері негізінде) // Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы. – 2024. – Т. 74, № 3. — DOI: 10.48371/PHILS.2024.3.74.023
- Картаева А. М., Кусманова К. А., Молгаждаров К. К., Спатай А. О. І. Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясындағы Ұлы Жібек жолына қатысты жер-су атаулары // Bulletin of Shokan Ualikhanov Kokshetau University. Philological Series. – 2024. – № 4. – С. 206–219.
- Даулеткерей М. І. Есенберлиннің «Жанталас» романындағы Абылай ханның тұлғалық әлеуеті // Вестник Жетысуского университета имени И. Жансугурова. – 2025. – № 2 (115). – С. 73–81.
- Мулкаманова А. Ж., Карагулова Б. Уақыт ұғымына байланысты фразеологизмдердің мәдени код ретіндегі сипаты (қазақ, орыс, ағылшын тілдері материалы негізінде) // Вестник университета Ясави. – 2025. – № 3 (137). – С. 219–231.
