ДӘСТҮРЛІ МЕТАФОРА МЕН АВТОРЛЫҚ ЖАҢАШЫЛДЫҚ: Т. АЙБЕРГЕНОВ ӨЛЕҢДЕРІНДЕГІ ТІЛДІК МЕТАФОРАЛАР

Жарияланды 2026-03-31
ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР Нөмір 83 № 1 (2026)
Том 83 №1 2026
Авторлар:
  • ХАСАНОВ Г.К.
  • ЖУМАШЕВА К.Б.
  • ХАСАНОВА І.Ө.
PDF

Мақалада қазақ поэзиясындағы метафоралық қолданыстардың дәстүрлі және авторлық қырлары Т. Айбергенов өлеңдері негізінде талданады. Зерттеудің өзектілігі метафораның тілдің семантикалық жүйесін байытудағы, көркем мәтіндегі бейнелілік пен әсерлілікті күшейтудегі қызметімен, сондай-ақ ақынның дүниетанымын танытатын когнитивтік механизм ретіндегі табиғатымен айқындалады. Теориялық негіз ретінде қазақ тіл білімінде метафора мәселесін алғаш терең әрі жүйелі қарастырған Б. Хасановтың тұжырымдары басшылыққа алынып, метафораның «екі зат пен құбылысты салыстыру арқылы сөздің ауыс мағынада қолданылуы» екені негізгі анықтама ретінде қабылданды. Сонымен қатар І. Кеңесбаевтың ұлттық-тілдік ерекшелікке қатысты пайымдары, А.Б. Салқынбай мен Е. Абақанның лингвистикалық анықтамалары, метафораның сөзжасам және терминдену үдерістеріндегі рөлі жөніндегі Б. Қасым, Ә. Болғанбайұлы мен Ғ. Қалиұлы, Ш. Құрманбайұлы еңбектеріндегі пікірлер зерттеу бағытын толықтырды. Зерттеу материалы ретінде Т. Айбергеновтің өлең мәтіндерінен іріктелген метафоралық бірліктер алынып, сипаттамалы, семантикалық және контекстік талдау әдістері арқылы қарастырылды. Нәтижесінде ақын поэзиясында дәстүрлі тілдік метафоралар ұлттық танымға жақын тұрақты бейнелерді қалыптастырып, оқырманмен эмоционалдық байланыс орнататыны, ал авторлық метафоралар ақынның дара эстетикалық әлемін, тың ассоциациялық ойлауын және когнитивтік бейнелеу мүмкіндігін танытатыны анықталды. Мақалада дәстүрлі метафора мен авторлық жаңашылдықтың өзара сабақтастығы мен айырмашылықтары жүйеленіп, Т. Айбергенов поэзиясындағы метафораның семантикалық әрі көркемдік қызметі нақтыланады.

ХАСАНОВ Г.К.

Филология ғылымдарының докторы, профессор, М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті, Орал қ., Қазақстан.

Е-mail: Hasan.gabit@mail.ru, https://orcid.org/0000-0002-9229-9825

ЖУМАШЕВА К.Б.

PhD, қауымдастырылған профессор, М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті, Орал қ., Қазақстан.

Е-mail: kama0186@mail.ru, https://orcid.org/0000-0001-6405-3767

ХАСАНОВА І.Ө.

Педагогика ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы, М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті, Орал қ., Қазақстан.

E-mail: Khassanova.inkar@mail.ru, https://orcid.org/0000-0002-1317-9885

  1. Shokym G.T., Zhumasheva K.B., Khassanov G.K., Azhgaliyev M.K., Sultangaliyeva R.B., Ramanova A.A., Gabdesheva A.E. Images of Man and Women in the Mirror of Gender Metaphors // Eurasian Journal of Applied Linguistics. – 2022. – № 8(2). – P. 272–282. DOI: http://dx.doi.org/10.32601/ejal.911560.
  2. Zhumasheva K.B., Sapargaliyeva M.E., Sarkulova D.S., Kuzhentayeva R.M., Utarova A.G. Representation of Gender Metaphor in Lexicography as a Reflection of Culture // International Journal of Society, Culture and Language. – 2022. – Vol. 10, Iss. 3. – P. 151–162. DOI: http://dx.doi.org/10.22034/ijscl.2022.555683.2662.
  3. Хасанов Б. Қазақ тілінде сөздердің метафоралы қолданылуы. – Алматы, 1966.
  4. Кеңесбаев І. Қазақ тіл білімінің мәселелері. – Алматы: Арыс, 2008.
  5. Салқынбай А., Абақан Е. Лингвистикалық түсіндірме сөздік. – Алматы: Сөздік–Словарь, 1998.
  6. Елисеева В.В. К уточнению термина «окказионализм» // Термины в языке и речи. – Горький: ГГУ, 1984. – С. 107–112.
  7. Қасым Б. Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі. – Алматы: Ғылым, 1989.
  8. Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. – Алматы: Санат, 1997.
  9. Құрманбайұлы Ш. Қазақ лексикасының терминденуі. – Алматы: Ғылым, 1998.
  10. Қасым Б.Қ. Қазақ тіліндегі заттың күрделі атауларының теориялық негіздері: филол. ғыл. докт. дисс. – Алматы, 2002. – 313 б.
  11. Телия В.Н. Метафоризация и ее роль в создании языковой картины мира // Роль человеческого фактора в языке. – Москва: Наука, 1988. – С. 172–204.
  12. Байтұрсынов А. Ақ жол. – Алматы, 1991.
  13. Айбергенов Т. Мен саған ғашық едім: өлеңдер. – Алматы: Раритет, 2005. – 191 б.
  14. Қалиұлы Б. Тіл білімінің жаңа бағыттары: концепт, прагматика, дискурс, мәтін. – Алматы, 2012.
  15. Қоңыров Т. Қазақ теңеулері. – Алматы: Мектеп, 1978.
авторлық метафора, дәстүрлі метафора, көркем мәтін, метафора, поэтикалық метафора, Т. Айбергенов поэзиясы, тілдік метафора, ұлттық дүниетаным