Мақала Ресей империясында қалыптасқан аграрлық қайшылықтарды шешу қажеттігінен туындаған Дала өлкесі мен Түркістанда жүргізілген отаршылдық жер саясатының мәселелерін қарастыруға арналған.
Мақалада жер нормаларын белгілеу мен артық жерлерді анықтаудағы қайшылықтар егжей-тегжейлі талданады. Авторлар 1861 жылғы заңның нәтижесінде бостандыққа ие болған,бірақ жерсіз қалған ресейлік шаруаларды қазақ даласына қоныстандыру шаралары қабылданғанын атап өтеді. Осыған байланысты арнайы экспедициялар құрылып, олар қазақ жерлерін жан-жақты зерттеу және жер қорларын анықтау үшін Дала өлкесі мен Түркістанға жіберіледі. Жұмыс көшпелі мал шаруашылығымен айналысатын қазақтарға қажетті жайылымдық жерлер болып табылатын құнарлы аймақтарда жүргізіледі. Көшпенді қазақ шаруашылығына жер нормалары белгіленіп, ал артық деп шыққандары қоныс аударушы шаруалар қажеттіліктеріне бөлінеді. Мақалада осы «артық жерлерді» анықтауға ықпал ететін жер нормаларын белгілеу ерекшеліктері зерттеледі.
Ф. Щербинаның экспедициясы көшпенді шаруашылықтар үшін жер нормасын белгілегені, бірақ кейіннен В. Кузнецовтың экспедициясы оның деңгейін төмендеткені атап өтіледі. Жетісу және Сырдария облыстарындағы экспедициялар жұмысында жер нормаларын белгілеу кезінде орын алған қайшылықтар анықталады.
Авторлар қоныс аударушылар үшін «артық жерлер» мен жер қорларын анықтау барысында жоғарыда аталған экспедициялар жұмыстарындағы анықталған кемшіліктердің көптігі тіпті, патша шенеуніктерінің өздерін де ойландырып тастады деген қорытындыға келеді. Жағдайды генерал–губернаторлар мен әскери губернаторлардың архивтерде сақталынған пікірлерінен байқауға болады.
ИСМАГУЛОВ Ұ.Ш.
Тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе қ., Қазақстан
E-mail: uzakbai_is@mail.ru, https://orcid.org/0000-0003-0587-8982
БЕРДІҒОЖИН Л.Б.
Тарих ғылымдарының докторы, профессор, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті, Атырау қ., Қазақстан
E-mail: berdyguzhin@mail.ru, https://orcid.org/0000-0002-9092-9504
- Вопросы социально-экономической истории дореволюционного Казахстана. Алма-Ата: КазГПИ, 1978. – 107 с.
- Турсунбаев А.Б. Из истории крестьянского переселения в Казахстан. Алма-Ата: Изд. и тип. Изд-ва Акад. наук Казах. ССР, 1950. – 102 с.
- Сорока Н.Н. Исследования Степных областей Казахстана в 80-90-е годы ХІХ века по определению норм земельного обеспечения казахского населения и обоснованию формирования переселенческого фонда // Исторические науки. Омский научный вестник. 2009. № 2 (76). С.50–54.
- Журнал совещания о землеустройстве киргиз. СПб.: Тип.МВД, 1907. – 145 с.
- Материалы по киргизскому землепользованию собранные и разработанные экспедицией. Акмолинская область. Кокчетавский уезд. т.1. Воронеж: Тип. В.И. Исаева, 1898. – 712 с.
- Шонанұлы Т. Жер тағдыры-Ел тағдыры. А.: Санат, 1995. – 224 б.
- Центральный государственный архив Республики Казахстан.(ЦГА РК) Ф.25.ОП.1.Д.278
- Сборник узаконений и распоряжений о переселении. СПб.: Тип. МВД, 1901. – 499 с.
- Кузнецов Д.В. Колонизационная и землеустроительная политика самодержавия в Степном крае в период проведения Столыпинской аграрной реформы (часть 1) // Вестник Омского ГАУ. 2017. №1(25). С. 149–158.
- Чуркин М.К., Токмурзаев Б.С. Перспективы аграрного освоения территорий Степного края в колонизационных планах Российской власти во второй половине ХІХ-начале ХХ в. // Вестник Томского государственного университета. 2015. № 401. С. 196–206.
- Труды съезда Тургайско-Уральской переселенческой организации. 28/ІІІ-5/ІУ-1907 г. Оренбург: Тип. Дворжец, 1908. – 314 с.
- Кауфман А.А. К вопросу о колонизации Уральской области /отчет члена Ученого Комитета М.З.и Г.И. А.А.Кауфмана по командировке летом 1903 г., ч.1. / А.А. Кауфман. СПб.: Тип. Киршбаума, 1903. – 78 с.
- Исмагулов У.Ш. Ресейдің Батыс Қазақстандағы жер саясаты (1869-1917 жж.). Ақтөбе: «Жұбанов университеті» баспасы, 2018. – 126 б.
- Ямзин И.Л. Переселенческое движение в России с момента освобождения крестьян. Киев: Тип. Императорского Университета Св. Владимира, 1912. – 198 с.
- Средняя Азия. кн.YІІІ. Ташкент: Ред.-изд. А. Л. Кирснер, 1910. – 262 с.
- ЦГА РК.Ф.19.ОП.1.Д.291
- Переселение и землеустройство за Уралом. СПб.: Тип. Ю.Н.Эрлиха, 1911. – 501 с.
- Сулейменов Б. Аграрный вопрос в Казахстане последней трети ХІХ начале ХХ века (1967 – 1904 гг.). Алматы. – 411 с.
- История Казахстана. Т.3. А.: Атамұра, 2000. – 768 с.
- Материалы по земельному вопросу в Азиатской России, 1917 - Материалы по земельному вопросу в Азиатской России. вып.1. Степной край. Петроград: Тип. И.Ф. Вайсберга, 1917. – 135 с.
