Мақалада ХІХ ғасырдың аяғы-ХХ ғасырдың басындағы патшалықтың Қазақстанның батыс өңіріндегі қоныс аудару саясатыі және оның демографиялық үдерістерге ықпалы баяндалады. Патша өкіметі қазақ жеріне орыс шаруаларын қоныстандыру мақсатында алдымен «артық» жерлерді белгілеп, сол жерлерге қоныс аудару учаскелерін құрады. Нәтижесінде ХХ ғасыр басында қазақ жеріне қоныс аударушылар легі күшейеді. Жаңадан қоныс аудару поселкелері пайда болады. Қоныстандыру учаскелері негізінен Орал-Торғай қоныс аудару ауданында құрылады. Қоныс аудару учаскелерін құру негізінен егіншілікке қолайлы Ақтөбе, Темір, Орал уездерінде қарқынмен жүргізілді. Аталған қоныс аудару ауданынан 1893-1905 жылдары 131 учаскеге, 1 024 412 десятина жер алынса, 1906-1910 жылдары 649 учаскеге 2 477 019 десятина жер алынады.
Аталған кезеңдегі қоныс аудару қозғалысының басты нәтижелерінің бірі өзге ұлт өкілдері саны мен үлес салмағының ұлғаюы және жергілікті халықтың үлес салмағының азаюы болатын. Қоныс аудару қозғалысы Орал-Торғай ауданында күшті жүріп, аталған өңірдегі өзге ұлт өкілдері санының ұлғаюына әкелді. Тіпті кейбір уездерде өзге ұлт өкілдері халықтың негізгі бөлігін құрады. Маңғыстау уезі мен Бөкей Ордасына жоспарлы қоныс аудару жүргізілмегенімен, отырықшы елді-мекендерде өзге құлт өкілдерінің саны жылма-жыл ұлғайып отырды.
АМАН Ә.Б.
Тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор (доцент), Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе қ., Қазақстан.
E-mail: E_alibek@mail.ru, https://orcid.org/0000-0002-2725-6141
НУРЛАНОВ Е.Н.
Тарих магистрі, М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты, Ақтөбе қ., Қазақстан.
E-mail: nurlanov_elaman@inbox.ru, https://orcid.org/0009-0000-6121-4051
- Телжан Шонанұлы мұралары (шығармалар, зерттеулер және мақалалар).-Алматы: Ел-шежіре, 2007. -368 б.
- Турсынбаев А.Б. Из истории крестьянского переселения в Казахстан.-Алма-Ата, 1950. -102 с.
- Алексеенко Н.В. Население дореволюционного Казахстана. А-А: Наука, 1981. -112 с.
- Бекмаханова Н.Е. Многонациональное население Казахстана и Киргизи в эпоху капитализма (60-е годы ХІХ века-1917 г.). М: Наука, 1986. -245 б.
- Исмағұлов Ұ.Ш. Ресейдің Батыс Қазақстандағы жер саясаты (1869-1917 жж.)-Ақтөбе, Жұбанов университеті баспасы, 2018. - 126 с.
- Абенов Д.Қ. Қазақ жерін отарлау тарихы (ХІХ ғасырдың соңы-ХХ ғасырдың басы. Орал, Торғай облыстары материалдары негізінде). Алматы, ССК, 2020. 368 б.
- Сдыков М.Н. История населения Западного Казахстана. XVIII-начало XXI в. –Алматы, 2004.-408 с.
- Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архиві (ҚР ОМА), 318-қор, 1-тізбе, 303-іс.
- ҚР ОМА, 25-қор, 1-тізбе, 2807-іс.
- ҚР ОМА, 25-қор, 1-тізбе, 2806-іс.
- Журнал совещания о землеустройстве киргизов. СПб, 1907. 146 С.
- ҚР ОМА, 29-қор, 1-тізбе, 48 а-іс.
- ҚР ОМА, 318-қор, 1-тізбе, 315-іс.
- Итоги переселенческого движения за время с 1910 по 1914 г. – СПб: Переселенческое управление, 1916. – 81 с.
- ҚР ОМА, 29-қор, 1-тізбе, 411-іс.
- ҚР ОМА, 29-қор, 1-тізбе, 413-іс.
- ҚР ОМА, 29-қор, 1-тізбе, 464-іс.
- Обзор Закаспийской области за 1905 г. Ашхабад, 1906.
- Обзор Закаспийской области за 1910 г. Ашхабад, 1911.
- Аман Ә.Б. ХІХ ғасырдың екінші жартысы-ХХ ғасырдың басындағы Батыс Қазақстанның ауыл халқы (тарихи-демографиялық зерттеу). –ақтөбе, 2025. -225 б.
