Мақалада инновациялық білім беру үдерісінде болашақ педагог-психологтардың креативтілігін дамыту мәселесін зерттеуге арналған. Қазіргі білім беру жүйесіндегі өзгерістер болашақ мамандардың шығармашылық ойлауын қалыптастыруды талап етеді, сондықтан креативтілік кәсіби дайындығының маңызды компоненті ретінде қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – болашақ педагог-психологтардың креативтілік деңгейін айқындау және оны арттырудың тиімді жолдарын тәжірибелік-эксперименттік түрде тексеру. Зерттеу Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің 2 және 3 курс білім алушылары қатысқан үш кезеңдік эксперимент арқылы жүргізілді.
Креативтілік деңгейі Е.П. Ильиннің әдістемелері және С. Медниктің (RAT) вербалды креативтілік тесті арқылы бағаланды. Бастапқы нәтижелер болашақ педагог-психологтардың креативтілік деңгейі көбіне төмен және орта деңгейде екенін көрсетті. Қалыптастыру кезеңінде жүргізілген арт-терапиялық жаттығулар, шығармашылық тапсырмалар және топтық жобалар тәжірибе тобының көрсеткіштерін айтарлықтай жақсартты. RAT тесті мен Е.П. Ильин әдістемелерінің деректері тәжірибе тобының шығармашылық көрсеткіштерінің бақылау тобымен салыстырғанда айқын өскенін дәлелдеді.
Алынған нәтижелер болашақ педагог-психологтардың креативтілігін мақсатты түрде ұйымдастырылған әдістер арқылы дамыту мүмкін екенін көрсетеді. Зерттеу нәтижелері кәсіби даярлық жүйесіне шығармашылық бағыттағы әдістерді енгізудің өзектілігін айқындайды және бұл бағыттағы келешек зерттеулер үшін теориялық негіз ұсынады.
ТОГАЙБАЕВА А.К.
Педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе қ., Қазақстан
E-mai: atogaibayeva@zhubanov.edu.kz, https://orcid.org/0000-0002-2071-9536
БАЗАРХАН Б.Б.
Педагогика ғылымдарының магистрі, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе қ., Қазақстан
E-mail: bbazarkhan@zhubanov.edu.kz, https://orcid.org/0009-0003-1963-4898
- «Педагог мәртебесі туралы» – Қазақстан Республикасы Заңының жобасы: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 тамыздағы №645 қаулысы
- Хмель Н.Д. Теория и технология реализации целостного педагогического процесса. – Алматы: КазНПУ им. Абая, 2008. – 176 с.
- Жолдасбеков, А.А., Оспанова Б.А., Жолдасбекова К.А. Креативті психология. – Алматы: Нурай Принт Сервис ЖШС баспаханасы, 2013. – 410 б.
- Саватеев Г.О., Ниязова А.А. Структурно-функциональная модель развития креативности будущего учителя в вузе // Мир науки. Педагогика и психология. – 2025. – Т.13, №4.
- Оспанова Б.А. Технология формирования креативности будущего специалиста в условиях университетского образования. – Туркестан: МКТУ им. Х.А.Ясави, 2004. – 140 с.
- Нағымжанова Қ.М. Кәсіби педагогикалық білім беру технологиялары. –Өскемен: С.Аманжолов атындағы ШҚМУ баспасы, 2007. – 152 б.
- Caroff X., Lubart T. Multidimensional approach to detecting creative potential in managers // Creativity Research Journal. – 2012. – №24(1). – Р. 13-20.
