Мақалада Хромтау ауданы микротопонимдерінің семантикалық ерекшеліктері қарастырылады. Жинақталған микротопоним атауларының тілдік, мәдени және тарихи аспектілеріне баса назар аударылады. Микротопонимдердің жасалу тәсілі бойынша (кісі есімдерінен, географиялық объектілерінен, айналысатын түрінен, мифологиясынан және тарихи оқиғалардан пайда болған), сондай-ақ тілдік тиістілігіне қарай жіктелуіне де көңіл бөлінеді. Аудан микротопонимиясының негізін географиялық белгілерден (85,9%) пайда болған және тілдік тиістілігіне байланысты қазақ текті атаулардан (285 атаудың 253-і) құрайды. Өлкенің мәдени-тарихи шындығын көрсететін мысалдар келтіре отырып, кісі есімдерінен жасалған микротопонимдерге талдау жасалған. Микротопонимдердің ландшафтық белгілеріне, өсімдіктер әлеміне, фаунасына, нысандарының пішініне, түсіне, саны мен қасиеттеріне қарай жіктелуі негізделген. Жинақталып талданған микротопонимдер атаулары жергілікті халық үшін мағыналық жүктемесі мен маңызын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Алынған деректер тіл білімі үшін ғана емес, географиялық ақпараттық жүйелер, тарихи-мәдени зерттеулер мен жергілікті болмысты сақтау үшін де құнды деп санаймыз. Сонымен қатар, зерттеу материалдары білім беру мақсатында, карталар мен анықтамалықтарды әзірлеу кезінде, сондай-ақ этнолингвистикалық жобаларда пайдаланылуы мүмкін. Талдау аймақ халқының менталитетін, дүниетанымын және әлеуметтік құрылымын, сондай-ақ топонимикалық ландшафттағы тілдік процестердің динамикасын көрсететін тұрақты атау дәстүрлерін анықтайды.
ҚҰРМАНОВА Б.Ж.
Педагогика ғылымдарының докторы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе қ., Қазақстан
E-mail: baktigul_2001@mail.ru, https://orcid.org/0000-0002-5305-215X
ЕВТЮГИНА А.А.
Педагогика ғылымдарының докторы, филология ғылымдарының кандидаты, Орал мемлекеттік педагогикалық университетінің профессоры, Екатеринбург қ., Ресей Федерациясы
E-mail: alena.seven@mail.ru, https://orcid.org/0000-0003-0776-7661
ШАКАБАЕВА С.
Магистр, мұғалім, КММ №1 мектеп-гимназиясы, Шалқар қ., Қазақстан
E-mail: ms.shakabaeva@mail.ru, https://orcid.org/0009-0005-3793-5242
- Чочаева Х.М. Структура и семантика микротопонимов Черекского района Кабардино-Балкарской Республики. Автореф.дисс. на соиск.уч.ст.канд.филол.н. –Нальчик, 2010. – 23 с.
- Имена, названия, псевдонимы, клички, бренды. URL: https://statusname.ru/names/ru/female/kamar/ (дата обращения: 24.04.2025).
- Оцомиева-Тагирова З.М. — Способы образования топонимических конструкций в аварском языке // Филология: научные исследования. – 2017. – №4. – С. 82-87.URL: https://nbpublish.com/library_read_article.php?id=24907 (дата обращения: 24.04.2025).
- Паспорт района. Социально-экономические показатели. Хромтауский район. URL:https://spk-aktobe.kz/razvitie/ru-hromtauskij-rajon/ (дата обращения: 24.04.2025).
- Смекалова Т. Н. Материалы к археологической карте Крыма. Памятники эпохи бронзы и раннего железного века на полуострове Тарханкут: Каталог. – Симферополь: Доля, 2010. – Т. Выпуск 2. – С. 7, 10-11.
- Бияров Б.Н. Тарихи топонимдердің этимологиялары // Вестник Казахстанско-Американского Свободного Университета (KZ) – Оскемен, 2014.URL: https://articlekz.com/kk/article/31679 (дата обращения: 25.04.2025).
- Копач О. И. Грамматика топонимных конструкций в свете энактивизма: методологический ракурс // Вопросы ономастики. 2025. Т. 22, № 2. С. 122–147. https://doi.org/10.15826/vopr_ onom. 2025.22.2.019 (дата обращения: 28.082025)