КӨРКЕМ ЕҢБЕК ПӘНІН ОҚЫТУДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ЖЕТІЛДІРУ

Жарияланды 2025-03-31
ПЕДАГОГИКА Нөмір 79 № 1 (2025)
№1 (2025)
Авторлар:
  • СУТЕЕВА М.А.
  • КУДАСОВА Г.Ж.
PDF (English)

Заманауи әдіс-тәсілдер арқылы көркем еңбек пәнінен оқушылардың шығармашылық шеберлігін арттыру үшін оқушыларды шығармашылыққа баулу үшін, жаңартылған білім мазмұнына сай тиімді әдіс-тәсілдерін және деңгейлік тапсырмалардың тиімділігін оқытуда жаңартылған білім мазмұнының мүмкіндіктерін оқыту мен оқу үрдісінде алған білімдерін өмірде қолдана білетін, сауаттылығы, сыни көзқарасы қалыптасқан, өз бетінше шешім қабылдай отырып, білім алуға талпынған, бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру. Көркем еңбек  оқушылардың эстетикалық талғамын, шығармашылық ойлау қабілетін, еңбекке деген жауапкершілігін дамытуға үлкен мүмкіндік береді. Бұл пән арқылы балалар өздерінің шығармашылық әлеуетін танытып, қолөнер мен бейнелеу өнеріне қызығушылықтарын арттыра алады. Қазіргі білім беру жүйесінде шығармашылық қабілеттерді дамыту маңызды міндеттердің бірі болып табылады. Көркем еңбек пәні оқушыларға әртүрлі материалдармен жұмыс істей білу дағдыларын қалыптастырып, олардың қолынан өнер туындыларын жасауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл пән балалардың еркін ойлау, бейнелеу, конструктивті шешімдер қабылдау сияқты дағдыларын дамытады. Оқушыларды шығармашылық жұмысқа тарту, оларды өз қолымен жасалған шығармаларға сүйсініп, еңбекке деген сүйіспеншілікті арттыру көркем еңбек пәнінің басты мақсатының бірі болып табылады. Мұндай жұмыстар баланың жеке тұлғасын дамытуға және оның қоғамда өз орнын табуға көмектеседі. Сондықтан, көркем еңбек пәні оқушылардың шығармашылық қабілеттерін жетілдіруде маңызды рөл атқарады және бұл процесс ұстаздың шеберлігіне, әдіс-тәсілдеріне тікелей байланысты. Осылайша, көркем еңбек пәнін оқыту барысында балалардың шығармашылық қабілетін дамыту олардың болашақта өз идеяларын жүзеге асыруға, қоғамға пайдалы істермен айналысуға дайындайды.

СУТЕЕВА М.А.

педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе қ., Қазақстан.

E-mail: Suteeva@mail.ru, https://orcid.org/0009-0002-7979-8002

КУДАСОВА Г.Ж.

өнертану ғылымдарының магистрі, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе қ., Қазақстан.

E-mail: kudasova1973@mail.ru, https://orcid.org/0000-0001-7989-9458

  1. J.Äbiev, S Babaev, A.Qūdiarova, Pedagogika, Daryn-Almaty, - 2004j.-B.13.
  2. B.Aitmagambetova, Jañaşyl pedagogtar ideialary men täjıribelerı. - oqulyq, A.-2007j.-B.104.
  3. A.Q.Omarova, Oquşylardyñ şyğarmaşylyq qabıletterın damytu, Ūstaz, - 2018j.-B.-10.
  4. S.A.Asanova. Eñbek sabağynda qoldanylatyn ädıs-täsılder. Respublikalyq ğylymi praktikalyq konferensia materialdary-Almaty,2016j, B.-22.
  5. S. Kаrapaev. The importance of cultivating students' creative abilities. /Elementary school.2012 №1.
  6. R. Omarova. Şyğarmaşylyq – basty maqsat. / Bastauyş mektep. 2013 j.
  7. Qozybai A., Jeksenbieva N. Käsıptık bılım beru jüiesındegı qazırgı oqytu tehnologialary. Oqulyq. 2015 j., B.152
әдіс-тәсіл, көркем еңбек, қабілетті, тұлға, шығармашылық