Мақалада сәндік-қолданбалы өнер құралдары арқылы білім алушылардың этнокөркемдік мәдениетін қалыптастырудағы педагогикалық тәсілдер қарастырылған. Білім беру жүйесіндегі этно-көркемдік тәрбиенің өзектілігі және этникалық бірегейлік пен эстетикалық қабылдауды нығайту үшін мәдени элементтерді енгізудің маңыздылығы негізделеді. Этно-көркемдік мәдениетті қалыптастырудың негізгі қағидалары, рухани және материалдық құндылықтары сипатталып, мұғалімдерге практикалық, зерттеушілік және интерактивті әдістерді қолдануды қамтитын әдістемелік ұсыныстар ұсынылды. Мәдени мұраға, ұлттық салт-дәстүрге саналы көзқарасты дамытуға ықпал ететін оқу-тәрбие үрдісіндегі құрал ретінде сәндік-қолданбалы өнердің рөлі талданады. Сәндік-қолданбалы өнер халықтың рухани мұрасы мен мәдениеті болып табылады, оны меңгеру арқылы жастардың шығармашылық қабілеттері дамып, олардың эстетикалық талғамы қалыптасатыны жазылған. Қазіргі білім беру жүйесінде мұндай бағыттың болуы жастардың ұлттық өнер мен мәдениетке деген сүйіспеншілігін арттырып, еліміздің мәдени мұрасының болашақ ұрпаққа аманат болуына негіз қалайды. Білім алушылардың этнокөркемдік мәдениетінің дамыуының белгілі бір құралы ретінде сәндік-қолданбалы өнердің міндеті негізделген. Сәндік-қолданбалы өнер арқылы этно-көркемдік тәрбие білім алушыларды өзінің елінің рухани қазынасын сезінуге көмектеседі. Мақалада этно-көркемдік элементтерді оқу процесіне қосуға арналған педагогикалық әдіс-тәсілдер білім алушылардың эстетикалық талғамын дамытып қана емес, сонымен қатар этностық сәйкестік пен мәдени өзіндік сананы нығайтуға ықпал етені туралы жазылған.
ҚЫДЫРОВА С.Р.
PhD, аға оқытушы, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе, Қазақстан.
Е-mail: skydyrova@zhubanov.edu.kz, https://orcid.org/0000-0001-5896-7474;
ТАЙҰСТАР Ә.Е.
1 курс магистранты, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе қ., Қазақстан.
Е-mail: assem.taiustar@mail.ru, https://orcid.org/0009-0008-8407-0140
- Мемлекет басшысының Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы. 2017 жылғы 12 сәуір. http://www.akorda.kz
- Райымхан К.Н. Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері: оқу құралы. - Алматы: Қазақ университеті, 2010. -136 б.
- Асанова С., Птицина А. Қазақтың ұлттық киімдері және қолөнері тарихы: Оқулық / Асанова С., Птицина А. - 3-басылым, стереотип. Астана: Фолиант, 2016. - 176 бет.
- Кукушин В. С., Қалиев С. Этнопедагогика: Оқулық / В.С. Кукушин, С. Қалиев. - Алматы: РПБК "Дәуір" 2014. - 336 бет.
- Сластёнин В. А. Педагогика : учеб. пособие для студ. высш. учеб. заведений / В. А. Сластёнин, И. Ф. Исаев, Е. Н. Шиянов ; под ред. В. А. Сластёнина. - 5-е изд., - М. : Издательский центр «Академия», 2006. - 576 с.
- Адамқұлов Н.М. Технология пәніне арналған әдістемелік кеңес/ Адамқұлов Н.М. - Алматы: "Отан" баспасы, 2016. - 107 б.