Басты бет

cover issue

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің хабаршысы педагогика, техникалық ғылымдар, физика және математика, жаратылыстану ғылымдары, металлургиялық процестер мен технологиялар, география және геоэкология, тарих, әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар, экономика және құқық сияқты білімнің әртүрлі салаларында сапалы зерттеулер жариялауға маманданған және рецензияланатын ғылыми журнал болып табылады.

Журнал ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігімен (2005 жылғы 26 наурыздағы №5859-Ж куәлік) тіркелді, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағаттар Комитетімен (2014 жылғы 16 қаңтардағы №14089-Ж куәлік), ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ақпарат комитетімен (2020 жылғы 6 қазандағы № KZ29VPY00027637 куәлік) қайта тіркелді.

Журналдарға сериялық басылымдардың стандартты нөмірлерінің халықаралық орталығынан индекс берілді: ISSN № 2312-475X баспа нұсқасы.

АҚ «Қазпошта» каталогы бойынша жазылу және тарату индексі- 74646
Журналдың шығу жиілігі – 3 айда бір рет, жылына 4 рет.
Журнал сайты https://vestnik.arsu.kz 
Құрылтайшысы және меншік иесі «Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті» Коммерциялық емес акционерлік қоғамы, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қаласы болып табылады.

Журнал педагогика теориясы мен әдіснамасы, экономика мен құқықтың өзекті мәселелері, техникалық және жаратылыстану ғылымдары саласындағы қазіргі заманғы технологиялар, тарих және археология, әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар саласындағы қазіргі заманғы көзқарастар, математика, физика, ақпараттық технологиялар саласындағы іргелі зерттеулердің нәтижелері бойынша көптеген теориялық және қолданбалы мәселелер бойынша мақалалар жариялайды.
Журналдың негізгі бағыттары:
1. Техникалық ғылымдар 
2. Физика-математика 
3. Жаратылыстану ғылымдары 
4. Металлургиялық процестер мен технологиялар 
5. География және геоэкология 
6. Тарих 
7. Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар 
8. Экономика және құқық.
9. Педагогика