ОҚУ ҮДЕРІСІН ЖОСПАРЛАУ МЕН БАҒАЛАУДА GOOGLE GEMINI ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ҚҰРАЛЫН ҚОЛДАНУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІ

Жарияланды 2026-09-30
ПЕДАГОГИКА Нөмір 85 № 3 (2026)
Том 85 № 3 2026
Авторлар:
  • БАЙГАНОВА А.М.
  • НАУРЫЗОВА Н.К.
  • НҰРЛАНОВ А.Н.
PDF

Мақалада оқу үдерісін жоспарлау, оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеу, білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау және білім беру мазмұнын жекелендіру барысында Google Gemini жасанды интеллект құралын қолданудың педагогикалық мүмкіндіктері қарастырылады. Зерттеудің өзектілігі білім беру үдерісін цифрландыру жағдайында педагогтің әдістемелік жүктемесін оңтайландыру, оқу материалдарын білім алушылардың жеке білім беру қажеттіліктеріне бейімдеу және бағалау үдерісін жетілдіру қажеттілігімен айқындалады. Зерттеудің мақсаты – Google Gemini-дің оқу үдерісін жоспарлау мен бағалаудағы педагогикалық мүмкіндіктерін анықтау және оны тиімді қолданудың негізгі бағыттарын жүйелеу. Зерттеу барысында ғылыми жарияланымдарға, халықаралық ұйымдардың ұсынымдарына, Google for Education ресми материалдарына және Gemini мен LearnLM технологияларының білім берудегі қолданылуына қатысты зерттеулерге теориялық талдау, салыстырмалы-аналитикалық және жүйелеу әдістері қолданылды. Зерттеу нәтижесінде Gemini-ді сабақ жоспарларын әзірлеу, оқу тапсырмаларын құрастыру, оқу материалдарын білім алушылардың дайындық деңгейіне қарай саралау, бағалау құралдары мен критерийлерін дайындау, формативті кері байланыс әзірлеу және көптілді оқу контентін бейімдеу бағыттарында пайдаланудың педагогикалық мүмкіндіктері анықталды. Зерттеу нәтижелері Gemini-ді педагогті алмастыратын технология ретінде емес, оның кәсіби шешім қабылдауын қолдайтын цифрлық ассистент ретінде қолданудың маңыздылығын көрсетеді. Сонымен қатар оны тиімді пайдалану педагогтің жасанды интеллект сауаттылығын және цифрлық құзыреттілігін дамытуды, алынған ақпараттың дұрыстығын педагогикалық тұрғыдан тексеруді, академиялық адалдық қағидаларын сақтауды және білім алушылардың дербес деректерін қорғауды талап етеді. Зерттеу нәтижелері білім беру ұйымдарында оқу үдерісін ұйымдастыруды жетілдіру және жекелендірілген оқытуды дамыту үшін практикалық маңызға ие.

БАЙГАНОВА А.М.

Педагогика ғылымдарының кандидаты, информатика және ақпараттық технологиялар кафедрасының доценті, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе қ, Қазақстан.

E-mail: altynzer_70 mail.ru, https://orcid.org/0000-0001-5717-8422

НАУРЫЗОВА Н.К.

Магистр, информатика және ақпараттық технологиялар кафедрасының аға оқытушысы, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе қ., Қазақстан.

E-mail: nnauryzova@mail.ru, https://orcid.org/0000-0002-9012-9697

НҰРЛАНОВ А.Н.

6B01503-Информатика білім беру бағдарламасының 3-курс студенті, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе қ, Қазақстан

E-mail: arnur.n777@gmail.com, https://orcid.org/0009-0009-3197-8240

  1. Guidance for Generative AI in Education and Research [Electronic resource] Paris: UNESCO, 2023. Access mode: https://school-education.ec.europa.eu/en/discover/publications/guidance-generative-ai-education-and-research (Date of access: 10.05.2026)
  2. Google. Learn about Gemini in Google Classroom. Classroom Help, 2026.[Electronic resource] Access mode: https://support.google.com/edu/classroom/answer/15410566 (Date of access: 10.05.2026)
  3. Digital Bridge 2023 халықаралық форумы // Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты. – 12 қазан 2023 жыл. – Қолжетімділік режимі: https://www.akorda.kz/ru/glava-gosudarstva-prinyal-uchastie-v-mezhdunarodnom-forume-digital-bridge-2023-1294242 (қаралған күні: 23.05.2026)
  4. Орта білім беру жүйесінде жасанды интеллектті қолдану бойынша әдістемелік ұсынымдар. Астана: Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА, 2024. –290 б. [Электронды ресурс] Қолжетімділік режимі:
  5. https://uba.edu.kz/storage/app/media/ISKUST%20INTELLEKT%20%20KAZ%2026.06.24.pdf (қаралған күні: 20.06.2026)
  6. Leveraging Gemini in Education: Smarter Teaching and Learning with AI. New Era Tech. 2025. [Electronic resource] Access mode: https://www.neweratech.com/en-nz/resources/blog/responsible-ai-use-in-education-with-google-gemini (Date of access: 12.05.2026)
  7. Grow with Google. Generative AI for Educators with Gemini. 2025. URL: https://grow.google/ai-for-educators/ (Date of access: 10.06.2026)
  8. Google DeepMind. Evaluating Gemini in an Arena for Learning. LearnLM Research Report, 2025. [Electronic resource] Access mode: https://storage.googleapis.com/deepmind-media/LearnLM/learnLM_may25.pdf (Date of access: 05.07.2026)
  9. How Gemini Gems Benefit K–12 Educators and Students. EdTech Magazine. 2026. [Electronic resource] Access mode: https://edtechmagazine.com/k12/article/2026/03/how-gemini-gems-benefit-k-12-educators-and-students (Date of access: 07.06.2026)
  10. Ditch That Textbook. Google Gemini 101 for teachers: Getting started with Google's AI. 2025. [Electronic resource] Access mode: https://ditchthattextbook.com/google-gemini/ (Date of access: 07.06.2026)
  11. Sulkowski, L., Kolasinska-Morawska, K., Brzozowska, M., Morawski, P., & Seliga, R. Pedagogical outcomes of a Polish K-12 digital transformation initiative. Human Technology, 2023. Volume 22. Issue 1. 21–48. https://doi.org/10.14254/1795-6889.2026.22-1.2
  12. Al-Sofi, B. The effectiveness of AI-generated feedback in enhancing students’ writing proficiency: A study of Google Gemini. Technology in Language Teaching & Learning, 2026. Volume 8. 103403. https://doi.org/10.29140/tltl.2026.103403
  13. Yusuf, A., Pervin, N., Roman-Gonzalez, M., Noor, N. Generative AI in education and research: A systematic mapping review. Review of Education, 2024. Volume 12. Issue 2. e3489. https://doi.org/10.1002/rev3.3489
  14. Washington University in St. Louis, Center for Teaching and Learning. Creating Gemini Gems (chatbots) to support teaching, 2026. [Electronic resource] Access mode: https://ctl.wustl.edu/creating-gemini-gems-chatbots-to-support-teaching/ (Date of access: 07.06.2026)
  15. Casal-Otero, L., Catala, A., Fernandez-Morante, C., Taboada, M., Cebreiro B. AI literacy in K-12: A systematic literature review. International Journal of STEM Education, 2023. Volume 10. Issue 29. https://doi.org/10.1186/s40594-023-00418-7
Gemini, білім берудегі ЖИ құралдары, жасанды интеллект, контентті дифференциалдау, оқу үдерісін цифрландыру