КӨПМӘДЕНИЕТТІ БІЛІМ БЕРУ ОРТАСЫНДА ТҰЛҒАНЫҢ ӘЛЕУМЕТТЕНУІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

Жарияланды 2026-06-30
ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР Нөмір 84 № 2 (2026)
Том 84 №2 2026
Авторлар:
  • АМАНИЯЗОВА Б.А.
  • ЖАЛМАҒАНБЕТОВА А.С.
  • ТАСҚЫМБАЕВА Р.Б.
PDF

Бұл мақалада қазіргі жаһандану дәуірінде көпмәдениетті білім берудің тұлғаның әлеуметтену процесіне ықпалы жан-жақты талданады. Зерттеудің өзектігі қазіргі қоғамдағы полиэтникалық орта, көші-қон процестерінің күшеюі және ақпараттық кеңістіктің кеңеюімен байланысты. Мақаланың негізгі мақсаты -  жастардың өз мәдениетін сақтай отырып, өзге мәдениеттерді қабылдай алатын, түсіне алатын әлеуметтік жауапты және бейімделгіш тұлға ретінде қалыптасуына ықпал ететін педагогикалық және әлеуметтік тетіктерді анықтау. Зерттеу барысында теориялық талдау, контент-анализ, салыстырмалы әдістер қолданылды. Сонымен қатар, көпмәдениетті білім беру жүйесінде жобалық оқыту және веб-квест технологияларының тиімдігі қарастырылды. Нәтижесінде тұлға әлеуметтенуіне әсер ететін факторлар жүйесі (мега-, макро-, мезо-, микрофакторлар) талданып, ақпараттық кеңістіктің рөлі ерекше атап өтілді. Мақалада мәдениеттер диалогы қағидасының маңызы ашылып, оның тұлғаның сыни ойлауын, толеранттығын және мәдениетаралық коммуникация дағдыларын дамытудағы рөлі дәлелденді. Сонымен қатар, көпмәдениетті білім беруді жетілдірудің негізгі бағыттары ретінде тілдік полифония, сыни ойлау, инновациялық технологияларды енгізу ұсынылды. Қорытындыда көпмәдениетті білім беру тек педагогикалық құбылыс емес, қоғамдағы тұрақтық пен келісімді қамтамасыз ететін стратегиялық маңызды фактор екені айқындалды.

АМАНИЯЗОВА Б.А.

Гуманитарлық ғылымдар магистрі, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе қ., Қазақстан

Е-mail: bagdagul-1977@mail.ru, https://orcid.org/0000-0003-4018-8952

ЖАЛМАҒАНБЕТОВА А.С.

Тарих магистрі, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе қ., Қазақстан

Е-mail: amanek_botik@mail.ru, https://orcid.org/0009-0000-2034-8272

ТАСҚЫМБАЕВА Р.Б.

Магистр, оқытушы, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе қ., Қазақстан.

Е-mail: moldir_merei66@mail.ru, https://orcid.org/0009-0000-5904-5682

  1. Ovsiienko L., Rakityanska L., Kulyk O., Pet'ko L., Turchynova G., Zavadska T. Development of multicultural education: tasks, tools and project solutions. TEM Journal. 2023. Vol. 12, Issue 3. P. 1451–1461. ISSN 2217-8309. URL: https://doi.org/10.18421/TEM123-25 DOI: https://doi.org/10.18421/TEM123-25
  2. Нестерова Т.А. Формирование межкультурной компетенции в условиях профессиональной социализации студентов педагогического колледжа: дис. ... канд. пед. наук. Белгород, 2018. URL: https://www.bsu.ru/content/disser/682/nesterova-t.a.-_dissertaciya.pdf
  3. Дубовская Е.М. Социализация личности в мультикультурном пространстве как один из аспектов проблемы «личность и общество». Вестник РГГУ. Серия «Психология. Педагогика. Образование». 2019. № 4. С. 24–32. DOI: 10.28995/2073-6398-2019-4-24-32. DOI: https://doi.org/10.28995/2073-6398-2019-4-24-32
  4. Марцинковская Т.Д. Идентичность в транзитивном и виртуальном пространстве. Вестник РГГУ. Серия «Психология. Педагогика. Образование». 2018. № 4 (14). С. 11–20. DOI: https://doi.org/10.54359/ps.v11i62.1037
  5. Begaliyeva S., Issabekova G., Saudabaeva G., Zhanna A., Abdildaev A.K. Organizing the diagnostics of multicultural personality in college students. International Journal of Environmental & Science Education. 2016. Vol. 11, No. 8. P. 2185–2195. DOI: 10.12973/ijese.2016.589a.
  6. Саванкова М.В., Ержанова А.Е.Шетел тілдерін оқытуда рефлексивтік амалды жүзеге асырудағы тілдік портфолионың ролі. Известия КазУМОиМЯ имени Абылай хана. Серия «Педагогические науки». 2017. № 3 (72). С. 71–78. ISSN 2412-2149.
көпмәдениетті білім беру, мәдениеттер диалогы, ақпараттық кеңістік, транзитив қоғам, құндылықтық таңдау, сыни ойлау, жобалық оқыту, мәдениетаралық коммуникация