ЭНЕРГЕТИКА САЛАСЫНДАҒЫ ҚАЗІРГІ СЫН-ҚАТЕРЛЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖҰМЫЛДЫРУ ДАЙЫНДЫҒЫНА ӘСЕРІ

Жарияланды 2026-06-30
ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ Нөмір 84 № 2 (2026)
Том 84 №2 2026
Авторлар:
  • ҚАЛАУОВ Н.С
  • ЖАУМИТОВА М.Д.
  • СЫЗДЫҚОВ Б.М.
PDF

Мақалада қазіргі жаһандық геосаяси тұрақсыздық жағдайындағы энергетикалық қауіпсіздік пен мемлекеттік жұмылдыру дайындығының өзара байланысы кешенді түрде қарастырылады. Жұмыстың өзектілігі жаңа қауіп-қатерлер мен Ресей-Украина қақтығысының әлемдік энергетикалық нарыққа тигізген трансформациялық әсерімен негізделген. Жұмыс барысында отандық және шетелдік ғалымдардың іргелі теориялары, сондай-ақ, халықаралық энергетика агенттігі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының талдамалық есептері зерделенді. Жүйелік, салыстырмалы және институционалдық әдістер қолдану арқылы Қазақстанның стратегиялық құжаттарына және халықаралық тәжірибеге талдау жүргізілді. Зерттеу нәижелері энергетикалық қауіпсіздік пен жұмылдыру дайындығының өзара байланысын жан-жақты ашып көрсететін ғылыми еңбектердің жеткіліксіздігін, сондай-ақ осы бағыттағы деректер мен талдамалық материалдардың қолжетімділігі шектеулі екенін айқындады. Салалық министрліктің материалдарын саралау энергетикалық қауіпсіздіктің қазіргі жағдайы мен негізгі тәуекелдерін анықтауға мүмкіндік берді. Инфрақұрылымның тозуы, жеткізу тізбектерінің бұзылуы және экспорттық бағыттарға тәуелділік энергетикалық қауіпсіздікке төнетін басты қатерлер ретінде айқындалды. Зерттеу нәтижесінде энергетикалық сала мен жұмылдыру дайындығының стратегиялық байланысы негізделді. Қорытынды бөлімде ұлттық инфрақұрылымды жаңғырту, оның ішінде энергетикалық объектілерді қайта жарақтандыру, цифрландыру және олардың сенімділігін арттыру бойынша нақты шаралар ұсынылды. Сонымен қатар, дағдарыс кезеңдеріне дайындықты күшейту мақсатында стратегиялық отын-энергетикалық резервтерді қалыптастыру, оларды сақтау және тиімді басқару тетіктерін жетілдіру қажеттілігі негізделді. Тасымал бағыттарын әртараптандыру шеңберінде баламалы экспорттық және транзиттік маршруттарды дамыту, логистикалық инфрақұрылымды кеңейту, сондай-ақ халықаралық әріптестікті нығайту бағыттары айқындалды.

ҚАЛАУОВ Н.С

Құқықтану, бизнес және мемлекеттік басқару магистрі, Қауіпсіздіктің өзекті мәселелері департаменті директоры, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, Астана қ., Қазақстан.

Е-mail: Kalauov1976@mail.ru, https://orcid.org/0009-0002-0583-4517

ЖАУМИТОВА М.Д.

«Экономика» профилі бойынша доктор (PhD), «Мемлекеттің жұмылдыру дайындығы» кафедрасының профессоры, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университеті, Астана қ., Қазақстан.

Е-mail: m.zhaumitova@apa.kz, https://orcid.org/0009-0000-5765-808X

СЫЗДЫҚОВ Б.М.

Құқықтану, ұлттық қауіпсіздік және әскери іс магистрі, Арнайы бағдарламалар комитеті төрағасы, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі, Астана қ., Қазақстан.

Е-mail: sbm-1973@mail.ru, https://orcid.org/0009-0000-8978-518X

  1. Как война России против Украины меняет энергетические рынки. PortNews, 6 марта 2023 г., Wood Mackenzie. Режим доступа: http://worldports.org (дата обращения: 05.02.2026).
  2. Қазақстан Республикасының мұнай өңдеу саласын дамытудың 2025 – 2040 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 21 шілдедегі № 549 қаулысы. Қолжетімділік режимі: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P2500000549 (қаралған күні: 28.03.2026).
  3. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздігі туралы Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 6 қаңтардағы № 527-I. Қолжетімділік режимі: V Заңы. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z1200000527 (қаралған күні: 24.02.2026).
  4. Халықаралық энергетика агенттігі (IEA) есебі. Қолжетімділік режимі: https://www.iea.org (қаралған күні: 05.02.2026).
  5. Доклад о целях устойчивого развития до 2025 года. Біріккен Ұлттар Ұйымы есебі. Режим доступа: https://www.un.org/sustainabledevelopment/energy/ (дата обращения: 24.02.2026).
  6. Еуропалық Одақ сайты талдау. Қолжетімділік режимі https://ec.europa.eu/info/index_de (қаралған күні: 24.02.2026).
  7. МИД России назвал атаки на танкеры у КТК пренебрежением интересами Казахстана и США. BES.media 15.01.2026. Режим доступа: https://surl.li/xxatac (дата обращения: 05.02.2026).
  8. «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Қазақстан Республикасының Президенті - елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, Астана қ., 2012 жылғы 14 желтоқсан. Қолжетімділік режимі: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1200002050 (қаралған күні: 24.02.2026).
  9. Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарын бекіту және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы. Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 30 шілдедегі № 611 Жарлығы. Қолжетімділік режимі: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/U2400000611 (қаралған күні: 24.02.2026).
  10. Қазақстан Республикасының көміртегі бейтараптығына қол жеткізуінің 2060 жылға дейінгі стратегиясын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 2 ақпандағы № 121 Жарлығы. Қолжетімділік режимі: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/U2300000121 (қаралған күні: 24.02.2026).
  11. Қазақстан Республикасының газ саласын дамытудың 2025 – 2029 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 21 маусымдағы № 463 қаулысы. Қолжетімділік режимі: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P2500000463 (қаралған күні: 28.03.2026).
  12. Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласын дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 263 қаулысы. Қолжетімділік режимі: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P2300000263 (қаралған күні: 28.03.2026).
  13. Аллаярова Н.И. Управление развитием энергетического потенциала страны как составляющей ее экономической безопасности. Москва, 2025. Режим доступа: https://naukaru.ru/ru/nauka/article/100561/view (дата обращения: 05.02.2026).
  14. Қазақстан Республикасының Әскери доктринасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 554 Жарлығы. Қолжетімділік режимі: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/U1700000554 (қаралған күні: 24.02.2026).
  15. Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 маусымдағы N 127 Заңы (2025 жылғы өзгерістермен). Қолжетімділік режимі: http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z970000127 (қаралған күні: 20.02.2026).
геосяси тәуекелдер, жұмылдыру дайындығы, инфрақұрылым, ұлттық қауіпсіздік, энергетикалық қауіпсіздік, энергетика саласы