Мақалада цифрлық сауаттылықтың қазіргі ақпараттық қоғамдағы стратегиялық маңызы, оны дамытуға кедергі келтіретін негізгі мәселелер мен перспективалар, сондай-ақ цифрландырудың экономикаға ықпалы қарастырылған. Зерттеу барысында цифрлық теңсіздік, киберқауіпсіздік туралы хабардарлықтың жеткіліксіздігі және жалған ақпараттың таралуы сияқты мәселелер сараланып, цифрлық трансформацияның халықтың цифрлық дағдылары мен экономикалық белсенділігіне әсері айқындалған. 2023–2025 жылдардағы деректерді салыстырмалы талдау Қазақстанда негізгі көрсеткіштердің оң динамикасын көрсетті: интернет пайдаланушыларының үлесі 78,5%-дан 88,7%-ға, цифрлық сауаттылық индексі 62,3%-дан 75,6%-ға, ал киберқауіпсіздік бойынша хабардарлық деңгейі 41,8%-дан 63,2%-ға дейін өскен. Финляндия, Эстония, Оңтүстік Корея және Сингапур тәжірибесі негізінде халықаралық салыстырмалы талдау жүргізілген. Аймақтық және жас ерекшеліктері бойынша зерттеу цифрлық теңсіздіктің географиялық және демографиялық сипатын көрсетті. Нәтижелер цифрлық сауаттылықты арттыру еңбек өнімділігінің өсуіне, кәсіпкерліктің дамуына, мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігіне және адами капитал сапасының жақсаруына ықпал ететінін көрсетті. Сонымен қатар, зерттеуде цифрлық технологияларды тиімді пайдалану шығындарды азайтуға, инновациялық белсенділікті күшейтуге, жұмыспен қамтудың жаңа нысандарын қалыптастыруға және ұлттық экономиканың жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік беретіні отандық және халықаралық тәжірибені салыстыру нәтижелері арқылы нақты негізделген. Цифрлық дағдыларды жүйелі дамыту білім беру жүйесі, мемлекет, бизнес және азаматтық қоғамның бірлескен міндеті болып табылады.
ӨТЕШОВА А.Қ
DBA, аға оқытушы, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе қ., Қазақстан.
Е-mail: alma_081@mail.ru, https://orcid.org/0000-0001-6119-3860
НИЯЗБАЕВА А.А
PhD, доцент, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе қ., Қазақстан .
Е-mail: aniyazbayeva@zhubanov.edu.kz, https://orcid.org/0000-0001-6373-7358
МУСИРОВ Г.М.
Экономика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе қ., Қазақстан.
Е-mail: mussirovgalym.60@gmail.com, https://orcid.org/0000-0003-2853-6504
- UNESCO. Digital Literacy and Skills Development. – Paris: UNESCO, 2018.
- European Commission. Digital Competence Framework for Citizens (DigComp 2.1). – Brussels: Publications Office of the EU, 2017.
- Gilster P. Digital Literacy. – New York: Wiley Computer Publishing, 1997. – 276 p.
- Castells M. The Rise of the Network Society. 2nd ed. – Oxford: Wiley-Blackwell, 2010. – 656 p.
- Қазақстан Республикасының Үкіметі. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы: 2017 жылғы 12 желтоқсандағы №827 Қаулы. – Астана, 2018.
- International Telecommunication Union. Measuring Digital Development: Facts and Figures. – Geneva: ITU, 2022.
- OECD. Skills Outlook: Thriving in a Digital World. – Paris: OECD Publishing, 2021. DOI: 10.1787/0ae365b4-en
- UNICEF. Children in a Digital World. – New York: UNICEF, 2019.
- World Bank. World Development Report: Digital Dividends. – Washington, DC: World Bank, 2025. DOI: 10.1596/978-1-4648-0671-1
- Нұрпейісова А.М. Медиасауаттылық негіздері. – Нұр-Сұлтан: Ұлттық білім академиясы, 2020. – 184 б.
- Сейітов Қ.Ж. Ақпараттық қауіпсіздік негіздері. – Алматы: Қазақ университеті, 2022. – 256 б.
- Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі. Цифрлық білім беру ресурстары бойынша әдістемелік ұсыныстар. – Нұр-Сұлтан, 2020.
- Әбдіғалиев Б.Т. Цифрлық білім беру және қоғам. – Алматы: Дәуір, 2021. – 228 б.
- «Цифрлық Қазақстан» аймақтық есептері. [Электрондық ресурс] 2023-2025 жылдар https://stat.gov.kz/
- Қалиев С.Қ. Ақпараттық технологиялар негіздері. – Алматы: Бастау, 2019. – 312 б. ISBN 978-601-7979-12-4.
- Van Dijk J.A.G.M. The Digital Divide. – Cambridge: Polity Press, 2020. – 256 p. ISBN 978-1-5095-3500-5.
- Khoruzhy L.I., Khoruzhy V.I., Kubrushko P.F., Karataeva O.G., Bitkova L.A. Comparative analysis of human capital management strategies in the context of digitalization of the national economy. // Frontiers in Sociology. – 2023. – Vol. 8. – Article 1114301. - 5 p. DOI: 10.3389/fsoc.2023.1114301
- Grigorescu A., Pelinescu E., Ion A.E., Dutcas M.F. Human Capital in Digital Economy: An Empirical Analysis of Central and Eastern European Countries from the European Union. // Sustainability. – 2021. – Vol. 13, No. 4. – P. 2020-2040. - 21 p. DOI: 10.3390/su13042020
