Бұл мақалада жасанды интеллект (ЖИ) технологияларын қолдану арқылы информатика мұғалімдерінің әдістемелік портфолиосын автоматтандыру мүмкіндіктері жан-жақты қарастырылады. Қазіргі таңда мұғалім портфолиосы оның кәсіби қызметін жүйелі түрде көрсету, педагогикалық жетістіктерін тіркеу, біліктілік деңгейін дәлелдеу және аттестациядан сәтті өту үшін маңызды құралдардың бірі болып табылады. Алайда портфолионы дәстүрлі әдіспен жүргізу көп уақыт пен күшті талап етеді, сонымен қатар құжаттардың ретсіз жиналуына, ақпараттың жүйеленбеуіне, кейбір маңызды материалдардың жоғалуына әкелуі мүмкін. Зерттеу барысында әдістемелік портфолионың негізгі құрылымы айқындалып, оның әрбір бөлімін автоматтандырудың тиімді жолдары ұсынылды. ЖИ құралдарын пайдалану арқылы сабақ жоспарларын, рефлексиялық жазбаларды, әдістемелік материалдарды автоматты түрде генерациялау, оқушылардың оқу жетістіктерін талдау, білім беру нәтижелерін болжау, түрлі сертификаттар мен құжаттарды өңдеу және жүйелеу мүмкіндіктері қарастырылды. Сонымен қатар цифрлық портфолионы бұлттық технологиялар арқылы сақтау, жаңарту және бөлісу тәсілдері сипатталды. Практикалық бөлімде Google сервистері, ЖИ API және Python бағдарламалау тілі негізінде портфолионы автоматты түрде қалыптастыратын қарапайым модель ұсынылды. Ұсынылған модель деректерді жинау, өңдеу және құрылымдау процестерін оңтайландырады. Зерттеу нәтижелері ЖИ қолдану мұғалімнің уақытын үнемдеуге, құжат сапасын арттыруға, ақпаратты тиімді жүйелеуге, кәсіби дамуды жоспарлауды жетілдіруге және білім беру процесінің жалпы тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретінін көрсетеді.
ҚҰЛМАҒАМБЕТОВА Ж.К.
Техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе қ., Қазақстан
E-mail: kulma_zh@mail.ru, https://orcid.org/0000-0003-3830-9217
БАЗАРБАЕВ Н.Н.
7М01503-Информатика мамандығының 1-курс магистранты, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе қ., Қазақстан
E-mail: nurbolat.04.ru@gmail.com, https://orcid.org/0009-0001-9592-7313
- Полат Е.С., Бухаркина М.Ю., Моисеева М.В. Современные педагогические и информационные технологии в системе образования. – Москва: Академия. 2020. 368 с.
- Zawacki-Richter O., Marín V.I., Bond M., & Gouverneur F. Systematic review of research on artificial intelligence applications in higher education. International Journal of Educational Technology in Higher Education, 16(1), 2019. 1–27. https://doi.org/10.1186/s41239-019-0171-0 DOI: https://doi.org/10.1186/s41239-019-0171-0
- Barrett H. Researching electronic portfolios and learner engagement. Journal of Adolescent & Adult Literacy, 50(6), 2007. 436–449. DOI: https://doi.org/10.1598/JAAL.50.6.2
- Holmes W., Bialik M., Fadel C. Artificial Intelligence in Education: Promises and Implications for Teaching and Learning. Center for Curriculum Redesign. 2019.
- Роберт И.В., Панюкова С.В., Кузнецов А.А., Кравцова А.Ю. Информационные и коммуникационные технологии в образовании. – Москва: Дрофа. 2008. – 312 с
- Mahara ePortfolio Project. Mahara user guide for educators. 2021. Retrieved from https://mahara.org/
- Google Workspace for Education. Automating teaching documentation with Google APIs. 2023. Retrieved from https://edu.google.com/
