ТАБИҒИ ПОЛИМЕР ХИТОЗАНДЫ АЛУ ЖӘНЕ ОНЫҢ КҮНДЕЛІКТІ ТҰРМЫСТА ҚОЛДАНЫЛУ ҚАСИЕТІН БАҒАЛАУ

Жарияланды 2024-07-04
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫ Нөмір 73 № 3 (2023)
№3 (2023)
Авторлар:
  • С.Д. ДУЗЕЛБАЕВА
  • Ж.А. АХМЕТОВА
  • Э.Б. МОЛДАШЕВА
  • А.А. АХМЕТОВА
PDF

Мақалада табиғи биополимер хитозанды зертханалық жағдайда асшаянның қабығынан бӛліп алу әдісі келтірілген. Алынған хитозан ӛнімінің тағамды қоюландырғыш қасиеті анықталынды. Хитозан табиғи полисахариді ӛзінің пайдалы қасиеттерінің кең спектріне байланысты тамақ, медицина, ауыл шаруашылығы, парфюмерия және косметика сияқты кӛптеген салаларда қолданылады. Хитозанның сӛзсіз артықшылығы оның адам мен қоршаған орта үшін мінсіз қауіпсіздігінде. Ол экологиялық таза және табиғи жағдайда толығымен ыдырайды. Бүгінде синтетикалық полимерлер біртіндеп ӛзінің тартымдылығын жоғалтып, табиғи полимерлерге кӛптеп кӛңіл бӛлінеді. Хитин мен хитозан биомедицинада, қалдықтарды қайта ӛңдеуде, нанотехнологияда, экологиялық және байтылыған тағам ӛнімдерін алуда, қоршаған ортаны қорғауда және т.б. салаларда кеңінен қолданылады. Әр түрлі салаларда тиімді пайдалану үшін негізгі рӛл атқаратын хитозанның негізгі сипаттамалары - суда ерімейтіндігі, әртүрлі концентрацияланбаған қышқылдардағы хитозан ерітінділерінің жоғары тұтқырлығы, пленка түзетін қасиеттері, сондай-ақ түйіршікті ӛнімдердің пайда болу мүмкіндігі, адам тіндерімен және басқа организмдермен биологиялық үйлесімділік, тӛмен уыттылық және топырақтағы биологиялық ыдырауы. Бұл қасиеттер осы аминосахарид молекулаларының химиялық құрылымына, яғни оның молекулалық массаларының таралуына, дезацетилдену дәрежесіне, сондай-ақ дезацетилденген топтардың барлық полимерлі молекулаларға біркелкі таралуына байланысты.

хитозан, биополимер, қоюландырғыш, хитин, полисахаридтер

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

ТАБИҒИ ПОЛИМЕР ХИТОЗАНДЫ АЛУ ЖӘНЕ ОНЫҢ КҮНДЕЛІКТІ ТҰРМЫСТА ҚОЛДАНЫЛУ ҚАСИЕТІН БАҒАЛАУ. (2024). "Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің Хабаршысы" ғылыми журналы, 73(3). https://vestnik.arsu.kz/index.php/hab/article/view/90

Жүктеу сілтемесі