Математика қазіргі білім жүйесіндегі негізгі орындардың бірін алып тұр, бұл осы облыстағы
білімдердің құндылығын білдіреді, себебі математика бізді қоршаған ортаны зерттеуге қажетті белгілі бір ойлау
формаларының қалыптасуына, оларға ғылыми тұрғыдан түсінуге кӛмектеседі.
Сондықтан ӛнегелі тәрбие алуға, білім сапасын кӛтеруге байланысты білім саласында жоспарлы түрде
белгілі бір іс – шаралар, әр түрлі жарыстар ӛтіп тұратындығы белгілі, соның бірі – жыл сайын ӛтіп тұратын
кезеңдік олимпиадалар. Математикада есеп шығаруға ерекше мән беретіндігін білеміз, сондықтан олимпиада
барысында оқушылардың орындаған жұмысы кӛбінесе олардың есептерді шығаруға қаншалықты тӛселгендігі
арқылы бағаланады. Ал есеп болса сан қилы, оның белгілі бір жолы, қалыптасқан формуласы әр уақытта бола
бермейді, ендеше оқушының мақсаты есеп қиын не оңай болсын оны шығарудың дұрыс жолын жаңылмай
таңдай білуінде. Мұндай ерекше оқушылардың әрі қарай тапқырлығын дамыту үшін оларды тек оқулықпен
шектемей, қосымша әдебиет пен кезекті басылым беттерінде кездесетін қызықты, конкурстық, стандарт емес
олимпиадалық есептерді талдап шығаруға әрқашан бағыт – бағдар беріп отыру керек.
Фибоначчи сандарының қасиеттерін олимпиада есептерін шығаруда пайдалану
Фибоначчи сандары, Фибоначчи сандарының қасиеттері, сандық тізбек, бүтін сандар, рекуренттік тізбек, математикалық индукция әдісі, олимпиадалық тапсырма
Фибоначчи сандарының қасиеттерін олимпиада есептерін шығаруда пайдалану. (2024). "Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің Хабаршысы" ғылыми журналы, 59(1). https://vestnik.arsu.kz/index.php/hab/article/view/9