ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ТАТАР ПАРЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ҚОРЫНДАҒЫ «БАЙЛЫҚ–КЕДЕЙЛІК»/«БАЙЛЫК–ЯРЛЫЛЫК» КОНЦЕПТІСІНІҢ ТІЛДІК КӨРІНІСІ

Жарияланды 2026-03-31
ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР Нөмір 83 № 1 (2026)
Том 83 №1 2026
Авторлар:
  • МЫРЗАҒАЛИЕВА А.С.
PDF (English)

Мақалада қазақ және татар паремиологиялық қорындағы «байлық–кедейлік»/«байлык–ярлылык» концептісінің тілдік көрінісі салыстырмалы-типологиялық тұрғыдан сипатталады. Байлық пен кедейлікке қатысты мақал-мәтелдер материалдық игілікті ғана атаумен шектелмей, ұлттық дүниетанымдағы әлеуметтік мәртебе, әділет/шындық, ар-ұят, қанағат, жомарттық пен сараңдық, бірлік пен татулық сияқты аксиологиялық өлшемдерді бекітетін мәдени-танымдық өзек ретінде танылады. Зерттеу логикасында семантикалық инвариант қағидасы негізгі әдіснамалық тірек ретінде алынып, әр тілдегі паремиялардың ішкі формасы (образ, метафора, реалий, синтаксистік өрнек) әртүрлі болғанымен, ортақ мазмұндық ядро арқылы бірізді түсіндіріледі. Материалдар талдауы «бай–кедей/ярлы», «бар–жоқ/юк», «тоқ/тук–аш/ач» оппозицияларының бағалауыш қызметін, ақшаның әлеуметтік билік феноменіне айналуы туралы сыни қабатты, сондай-ақ «ақшаға сатылмайтын» құндылықтар жүйесінің (ар, ождан, құрмет, татулық, бірлік) үстемдігін айқындайды. Қорытындыда концептосфераның кемінде төрт семантикалық-прагматикалық сценарий арқылы жүйеленетіні дәлелденіп, паремиялардың кеңес, ескерту, нормалау, әлеуметтік сын және философиялық түйіндеу қызметтері нақтыланады.

МЫРЗАҒАЛИЕВА А.С.

Аспирант, Қазан федералды университеті, Қазан қ., Татарстан Республикасы, Ресей Федерациясы.

Е-mail: aigerima94@mail.ru, https://orcid.org/0000-0002-3164-3952

  1. Zamaletdinov R.R. Tatarskaya kul'tura v yazykovom otrazhenii – M.: Gumanit. izdat. centr «VLADOS»; Kazan': Magarif, 2004. – 239 s.
  2. Sagdeeva F.K., Gajnanova D.R. Tatarskij koncept kak ob"ekt lingvokul'turologicheskogo analiza / F.K. Sagdeeva, D.R. Gajnanova. – Kazan': IYALI, 2017. – 248 s.
  3. Alieva S.A., Ryskalieva G.K., Kalkabeva G.U. Antonimy v kazahskih antropocentricheskih poslovicah // Sovremennaya nauka: tradicii i innovacii. – Volgograd, 2022. – S. 11.
  4. Zamaletdinov R.R., Izhbaeva G.R., Myrzagalieva A.S. The conceptual opposition «Wealth–Poverty» in heparemiological units of the Russian and Kazakh languages // Laplage em Revista, 2020. — P. 123–130.
  5. Keikın J.A. Qazaqtyñ maqal-mätelı. – Almaty: Ölke, 2002. – 124 b.
  6. İsänbät N.S. Tatar halyk mäkälläre: 3 tom. – Kazan: Tatar. kit. näşr., 1967. – 1016 b.
  7. Malaisaran J.R. Qazaqtyñ maqal-mätelderı. – Almaty, 2004. – 188 b.
  8. Turmanjanov U.S. Qazaqtyñ maqaldary men mätelderı. – Almaty: Bılım, 2007. – 136 b.
  9. Gajnanova D.R. Verbalizaciya koncepta «akcha» (den'gi) v tatarskom yazyke: dis. … kand. filol. nauk. – Kazan', 2013. – 212 s.
  10. Koşanova J. Qazaq tılındegı «baylyk-kedeylik» konseptısı: tanymdyq sipaty men qyzmetı: dis. … kand. filol. nauk. – Almaty, 2009. – 254 b.
  11. Jüsıpov A. Qazırgı qazaq tılındegı qarama-qarsylyqtyñ konnektorlary: avtoref. dis… kand. filol. nauk: 10.02.02 – «Qazaq tılı» / A. Jüsıpov. – Astana, 2004. – 29 b.
  12. Mankeeva J. Qazaq tılındegı etnomädeni ataulardyñ tanymdyq negızderı: oqulyq. – Almaty: Jıbek joly, 2008. – 356 b.
  13. Mähmutov H. Tatar halkynyñ aforistik iҗaty // Tatar halyk iҗaty. Mäkäl häm äitemnär. – Kazan: Tat. kit. näşr., 1987. – 36 b.
  14. Samoilovich A.N. Bogatyi i bednyi v türkskih iazykah // İzvestia AN SSSR. Otdelenie obşestvennyh nauk. – 1936. – 330 s.
  15. Dautova S.B., Ospanova B.R. «Bailyq–kedeilık» konseptısınıñ älemnıñ tıldık körkem beinesın berudegı ūlttyq erekşelıgı // Vestnik. – Almaty, 2011. – № 2. – b. 52–56.
лингвомәдениеттану, паремиология, концепт, аксиология, салыстырмалы талдау