МOБИЛЬДI ҚOCЫМШAНЫ ӘЗIРЛЕУДЕГI НЕГIЗГI КЕЗЕҢДЕР

Жарияланды 2026-03-31
ФИЗИКА-МАТЕМАТИКА Нөмір 83 № 1 (2026)
Том 83 №1 2026
Авторлар:
  • КАЛЫМОВА К.А.
PDF

Бұл мақалада мобильді қосымшаларды әзірлеудің негізгі кезеңдері және оларды іске асырудың теориялық әрі практикалық қырлары жан-жақты қарастырылады. Зерттеу жұмысы мобильді қосымшаны әзірлеудің толық өмірлік циклін қамтиды: идеяны қалыптастыру, мақсатты аудитория мен нарықты талдау, функционалдық және техникалық талаптарды анықтау, UI/UX дизайнды жобалау, жүйе архитектурасын құру, бағдарламалау, тестілеу, қосымшаны App Store және Google Play платформаларында жариялау, сондай-ақ оны әрі қарай қолдау мен жаңарту кезеңдері. Әрбір кезеңнің маңыздылығы, олардың өзара байланысы және әзірлеушілер кездесетін негізгі мәселелер жүйелі түрде талданады. Сонымен қатар, мақалада теориялық талдау, құжаттаманы зерттеу, эмпирикалық деректер жинау және кейс-әдіс сияқты зерттеу әдістерінің мобильді қосымшаны сапалы әзірлеудегі рөлі көрсетіледі. Нақты мысал ретінде цифрлық кітапханаға арналған мобильді қосымшаны әзірлеу тәжірибесі қарастырылып, UML диаграммалары, деректер қорының құрылымы және Python, Django сияқты технологияларды қолданудың тиімділігі сипатталады. Зерттеу нәтижелері кешенді және кезең-кезеңімен ұйымдастырылған әзірлеу үдерісі мобильді қосымшаның сапасы мен қолданушы сұранысын қанағаттандыруда шешуші рөл атқаратынын дәлелдейді. Мақала қорытындылары мобильді қосымшаларды әзірлеу саласында білім алушыларға, жас әзірлеушілерге және практик-мамандарға әдістемелік негіз ретінде пайдалануға болатынын және болашақта функционалды кеңейту мен инновациялық технологияларды енгізуге бағытталған зерттеулер үшін теориялық алғышарт қалыптастыратынын көрсетеді.

КАЛЫМОВА К.А.

Магистр, ақпараттық технологиялар және кітапхана ісі кафедрасының аға оқытушы, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Алматы қ., Қазақстан

Е-mail: kalymova.k@qyzpu.edu.kz, https://orcid.org/0000-0003-0610-740X

  1. Singh B. P., & Madhusudhan M. Mobile Apps–Based Applications in Libraries and Information Centers: A Systematic Review of the Literature and Future Research Agendas. - 2023. https://journal.calaijol.org/index.php/ijol/article/view/294.
  2. Ajab Mohideen Z., Sheikh A., & Kaur K. Developing an open-source mobile app in library services: The case of a national university in Malaysia. - 2022. https://www.emerald.com/insight/content/doi/10.1108/DLP-08-2021-0064/full/html
  3. Ali M., & Asl N. S. Assessing mobile application components in providing library services. The Electronic Libraryю.- 2019. - №37(1), р. 49-66.
  4. Мухaмеджaнoв C. Мoбильдi бaғдaрлaмaлaудaғы жaңa құрaлдaр // Инфoрмaтикa және бaғдaрлaмaлaу. – 2023. - №14(3). – б. 45-52.
  5. Bondarenko V. QR code as a tool of the marketing library activity. Ukrainian Journal on Library and Information Science. - 2020. №5, р.127-142.
мoбильдi қocымшa, UI/UX дизайн, теcтiлеу, кросс-платформалық әзірлеу, Python, Django