ҰЙЫМДЫ БАСҚАРУДАҒЫ  БЮДЖЕТТЕУ МЕН СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЛАУДЫ ИНТЕГРАЦИЯЛАУ

Жарияланды 2026-03-31
ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ Нөмір 83 № 1 (2026)
Том 83 №1 2026
Авторлар:
  • КАСЕНОВ Е.Р.
  • БАЛГИНОВА К.М.
  • ДҮЙСЕНБАЕВА Б.Б.
  • АЖАИПОВА И.Ш.
PDF

Бұл мақалада тұрақсыздық пен жоғары бәсекелестікке толы нарықтық ортада ұйымды басқару жүйесіндегі бюджеттеу мен стратегиялық жоспарлауды интеграциялаудың теориялық және практикалық аспектілері қарастырылған. Мұнда бюджеттеу қаржылық бақылау құралынан негізгі стратегиялық басқару механизміне трансформациялануы негізделе отырып,  ұйымның ұзақ мерзімді мақсаттарын ағымдағы операциялық қызметпен үйлестіруді қамтамасыз етеді. Мақалада отандық және халықаралық ғылыми тәсілдерді талдау негізінде стратегияны іске асыру барысындағы  бюджеттеудің негізгі функциялары, сондай-ақ оның стратегиялық икемділікке, басқару шешімдерінің бейімделуі мен  тиімділігіне әсері анықталады. Мақаланың эмпирикалық бөлімінде Америка Құрама Штаттарындағы, Жапониядағы және Қазақстандағы бюджеттеу тәжірибесінің салыстырмалы талдауы берілген және консалтингтік компаниялар мен салалық шолулардың деректерін пайдалана отырып, қазақстандық кәсіпорындарда әртүрлі бюджеттеу әдістерін қолдану қарастырылған. Қазақстандық тәжірибеде дәстүрлі бюджеттеу түрлері басым екені анықталды, бұл ұйымдардың стратегиялық дамуына кедергі келтіретіні және олардың сыртқы ортадағы өзгерістерге бейімделуін төмендететіні сөзсіз. Зерттеу нәтижелері бюджеттеу жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстарды қорытындылады, оның стратегиялық бағытын арттыруға, икемді және процеске бағытталған тәсілдерді қолдануды кеңейтуге және бюджеттік көрсеткіштер мен ұзақ мерзімді ұйымның даму мақсаттары арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған. Зерттеудің практикалық маңыздылығы ұйымның даму бағдарламаларын әзірлеуде және корпоративтік басқару жүйелерін жетілдіру барысында алынған нәтижелер мен ұсыныстарды пайдалану мүмкіндігі болып табылады.

КАСЕНОВ Е.Р.

7М04101-Іскерлік әкімшілендіру ББ магистранты, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе қ., Қазақстан.

E-mail: Kassenov23@mail.ru, https://orcid.org/0009-0001-9106-9331

БАЛГИНОВА К.М.

Экономика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе қ., Қазақстан.

E-mail: kbalginova@zhubanov.edu.kz, https://orcid.org/0000-0002-3114-1135

ДҮЙСЕНБАЕВА Б.Б.

Экономика ғылымдарының кандидаты, доцент, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе қ., Қазақстан.

E-mail: bduisenbayeva@zhubanov.edu.kz, https://orcid.org/0000-0001-5959-7946

АЖАИПОВА И.Ш.

Магистр, аға оқытушы, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе қ., Қазақстан.

E-mail: iazhaipova@zhubanov.edu.kz, https://orcid.org/0000-0001-5601-7651

  1. Наумова Н.В. Бюджетирование в деятельности предприятия: учебное пособие. – Тамбов: Изд-во Тамб. гос. техн. ун-та, 2011. – С. 112
  2. Панов М. М. Постановка системы бюджетного управления или три координаты бизнеса: БДР, БДДС, ББЛ. (Просто, Кратко, Быстро). – М.: Инфра-М, 2014. – С. 304.
  3. Simons R. The role of budgets in organizations facing strategic change // Accounting, Organizations and Society. - 1990. - Vol. 15, № 1–2. - P. 127–143. DOI: https://doi.org/10.1016/0361-3682(90)90018-P
  4. Li X., Huang S., Liu Y. Strategic budgeting and budgeting evaluation effects on company performance in China // International Journal of Financial Studies. — 2025. — Vol. 18, № 4. — Art. 172. DOI: https://doi.org/10.3390/jrfm18040172
  5. Blumentritt T. Integrating strategic management and budgeting // Journal of Business Strategy. - 2006. - Vol. 27, № 6. - P. 73–79. DOI: https://doi.org/10.1108/02756660610710382
  6. Hansen S. C., Otley D. T., & Van der Stede W. A. (2003). Practice developments in budgeting: an overview and research perspective. Journal of management accounting research, 2003, 15(1), 95-116. DOI: https://doi.org/10.2308/jmar.2003.15.1.95
  7. Abernethy M.A., Brownell P. The role of budgets in organizations facing strategic change: an exploratory study, Accounting, Organizations and Society, Volume 24, Issue 3, 1999, Pages 189-204, ISSN 0361-3682, https://doi.org/10.1016/S0361-3682(98)00059-2. DOI: https://doi.org/10.1016/S0361-3682(98)00059-2
  8. Hope J., Fraser R. (2003) Who Needs Budget. Harvard Business Review, 81, 108-115. https://www.scirp.org/reference/referencespapers?referenceid=2530899
  9. Безруков А.А. Бюджетирование как механизм развития инновационной деятельности предприятия. // Вестник КазНУ. Серия экономическая. - 2015. - № 2 (108). - С. 171-175. https://be.kaznu.kz/index.php/math/article/view/1039
  10. Mukhamadiyeva A., Agumbayeva A., Budgeting as a tool for managing enterprise strategy // Вестник КазНУ. Серия экономическая. - 2016. - № 6 (118). - С. 231-236.
  11. Осербайулы С., Адамбекова Г.К. Планирование процесса бюджетирования в компаниях холдингового типа // Вестник КазНУ. Серия экономическая. - 2015. - № 6 (112). - с. 239-242. - URL: https://be.kaznu.kz/index.php/math/article/view/1112
  12. Аймурзинов М.С., Баймухамедова Г.С., Баймухамедов М.Ф. Построение системы бюджетного управления // Вестник Карагандинского университета. – 2019. - №3 (95). - с.209-217 https://rep.ksu.kz/bitstream/handle/data/9290/%d0%ad%d0%ba-2019-3-209-217.pdf?sequence=1&isAllowed=y
  13. Ихсангалиева С., Сейтказиева А. Роль системы бюджетирования в стратегическом планировании предприятия. Капитализация научных исследований: средства достижения и результаты: Сборник Высшей школы бизнеса. Алматы: УО Алматы Менеджмент Университет, 2024. - С.139-151 https://gsb.almau.edu.kz/wp-content/uploads/2024/10/No.224-1.pdf
  14. Horgren C.T., Datar S.M., Rajan M.V. Cost Accounting: a Managerial Emphasis. 14th edition. - Prentice Hall: New Jearsey, 2012. - 892 pages.
  15. Aoki M. Corporate Governance in Japan: Institunional Change and Organizational Diversity. Oxford University Press. https://doi.org/10.1093/acprof:oso/9780199284511.001.0001 DOI: https://doi.org/10.1093/acprof:oso/9780199284511.001.0001
  16. KPMG. Официальный сайт компании - https://kpmg.com/kz/ru/home/about.html
  17. PwC Kazakhstan. Официальный сайт компании - https://www.pwc.com/kz/ru.html
  18. Национальная палата предпринимателей «Атамекен». Официальный сайт. https://atameken.kz/ru/
бюджет, бюджеттеу, стратегиялық басқару, басқарушылық есеп, ұйым, басқарушылық шешімдер, даму стратегиясы, компания