Мақалада қазақ этнонимі жүйесіндегі қайталануы (параллель) арқылы жасалған рулар (этнонимдер) хақында сөз етеді. Автор, қазақ-қарақалпақ рулары материалдары негізінде екі халықтың қайталанған (параллель) ру аттарына қатысты материалдардың зерттеу әдіс-тәсілдерін түсіну-талдау проблемасын оңтайландыру мақсатында, тектес-аттас ру аттарын глоттохронологиялық (немесе лексика-статистикалық) әдісі аясында сөз етеді. Зерттеу нәтижесінде қайталанған (параллель) этнонимдер ертеден келе жатқан тарихи-мәдени байланыс, әрі көне тілдік құбылыстың бірі екенін ескеріп, қазақ этнонимдер жүйесіндегі қайталануы арқылы жасалған этнонимдердің өн бойында о бастағы бір-бірімен туыстығы мен руаралық байланысы, жайлаған жерлері мен қоныстары көршілес, ортақ болған деген қорытындыға келеді. Сондай-ақ қазақ этноним жүйесінде түркі халықтарының (қазақ, қарақалпақ, қырғыз, өзбек, түрікмен) тарихы мен мәдениеті, тілі мен әдебиеті аясында этнонимдерді, қала берді, рулық-тайпалық әдет-ғұрпы, салт-санасын тығыз бірлікте алып зерттеу керектігін ұсынады. Автор, қазақ этнонимдер жүйесіндегі қайталанған немесе тектес-аттас рулар қазақ-қарақалпақ халқының тұтастығы жолындағы ерлік пен елдіктің ақ туын бірлікте ұстаған ата-бабалар өмір жолының бір парағы ретінде талдау жасап, зерттеу – қазақ ономастикасының өзекті проблемаларының бірі екенін алға тартады.
ҚОЖАНҰЛЫ М.
Филология ғылымдарының кандидаты, профессор, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университеті, Астана қ., Қазақстан
E-mail: m_kozhanuly@mail.ru, https://orcid.org/0000-0002-9935-0750
- Жұмабаев М. Шығармалары: Өлеңдер, поэмалар, қарасөздер. (Құраст.: Абдуллин Х., Дәрімбетов Б., Жұмабаева З. - А.: Жазушы, 1989. - 448 б., портр., суретті.
- Бердібай Р. Байқалдан Балқанға дейін. - А.: Қазақстан., 1996. - 256 б.
- Шүкіров З. «Сыр бойы» кітабы. Тарихи роман. 1 т. - А.: «Қайнар» басп., 2006. - 432 б.
- Айтмуратов Д. Тюркские этнонимы: каракалпак, черные клобуки, черкес, башкурт, кыргыз, уйгур, тюрк, печенег, сак, массагет, скиф. - Нукус, «Каракалпакстан», 1986. - 286 с.
- Тоқтабай А. Түркі халықтарының этномәдениеті. - А.: «Толағай» басп., 2006. - 328 б.
- Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). 5-томдық. 1т. - А.: Атамұра, 2010. - 544 б.
- Пьянков И.В. К вопросу о маршруте походе Кира II на массагетов//Вестник древней истории. № 3,1964, с. 115-129.
- Лезина И.Н., Суперанская А.В. Ономастика. Словарь-справочник тюркских родоплеменных названий. Часть 1-2. М., 1994. - 467 с.
- Қожанұлы М. Қазақтың ру-тайпа аттары (этнонимдер) сөздігі. 1-бөлім. - 306-б.; 2 бөлім - 310 б. Нұр-Сұлтан, 2021.
- Қарақалпақстан https://kk.wikipedia.org/wiki/Қарақалпақстан - қараған күні - 05.12.25ж.
- Шалекенов У.К. История и этнология народов Амударьи и Сырдарьи в XVIII-XX вв.- А.: Қазақ университеті, 2003. - 312, [2] с., ил., табл.
- Қожанұлы М. Атырау облысының жер-су аттары. - Аст., 2005. - 144 б.
- Нөкіс https://kk.wikipedia.org/wiki/Нүкіс - қараған күні -07.12.25ж.
- Мойнақ https://kk.wikipedia.org/wiki/Мойнақ - қараған күні-07.12.25ж.
- Жанұзақов Т. Қазақ тілі ономастикасының негізгі проблемадары//Филология ғылымының докторы дәрежесін алу үшін жазылған докторлық диссертация (қолжазба). - А., 1974. - 363 б.
- Баскаков Н.А. Алтайская семья языков и ее изучение. - М.: Наука, 1981. - с.136.
- Қаракалпақ https://kk.wikipedia.org/wiki/Қарақалпақтар қараған күні -19.12.25ж.
- Вильгельм фон Гумбольдт. Язык и философия культуры. - М: «Прогресс», 1985. - с. 450.
