ЖАСТАР АРАСЫНДА КӨШБАСШЫЛЫҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

Жарияланды 2026-03-31
ПЕДАГОГИКА Нөмір 83 № 1 (2026)
Том 83 №1 2026
Авторлар:
  • ТОГАЙБАЕВА А.К.
  • СЕРҒАЗИНА Н.Н.
PDF

Бұл мақалада жастар арасында көшбасшылықты қалыптастыру мәселесі заманауи әлеуметтік-экономикалық өзгерістер мен жаһандану үдерісі аясында кешенді түрде қарастырылады. Зерттеу барысында көшбасшылықтың теориялық негіздері мен тарихи эволюциясы талданып, оның туа біткен қасиет қана емес, білім беру, әлеуметтік тәжірибе және мақсатты психологиялық ықпал нәтижесінде қалыптасатын дағды екендігі негізделеді. Көшбасшылықтың әлеуметтік және психологиялық факторлары айқындалып, тұлғаның өзін-өзі тануы мен ішкі мотивациясының, әлеуметтік ортаның және білім беру мекемелеріндегі инновациялық педагогикалық әдістердің өзара байланысы көрсетіледі. Мақалада көшбасшылықтың қалыптасу жолдары мен негізгі түрлері (трансакциялық, трансформациялық және сервистік көшбасшылық) жан-жақты талданып, олардың жастардың әлеуметтік белсенділігі мен азаматтық жауапкершілігін дамытудағы рөлі ашып көрсетіледі. Сонымен қатар эмоционалдық интеллектіні дамыту, рефлексия, коучинг, менторлық, топтық тренингтер мен іскерлік ойындар сияқты психологиялық әдістердің жастардың көшбасшылық әлеуетін арттырудағы тиімділігі нақты білім беру тәжірибелері мен мысалдар арқылы дәлелденеді. Зерттеу нәтижелері жастардың көшбасшылық қабілеттерін дамыту теориялық білімге, әлеуметтік тәжірибеге және психологиялық қолдауға негізделген кешенді үдеріс екенін көрсетеді. Мақала мазмұны заманауи білім беру жүйесінде көшбасшылықты қалыптастырудың маңызын айқындап, жастардың жеке және кәсіби дамуына, сондай-ақ қоғамның интеллектуалдық және әлеуметтік әлеуетін нығайтуға қосатын үлесін негіздейді.

ТОГАЙБАЕВА А.К.

Педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе қ., Қазақстан

Е-mail: aikat_76@mail.ru, http://orcid.org/0000-0002-2071-9536

СЕРҒАЗИНА Н.Н.

7M01106-«Білім берудегі менеджмент және көшбасшылық» ББ 2-курс магистранты, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе қ., Қазақстан

Е-mail: nurbakyt20092003@gmail.com, http://orcid.org/0009-0007-9562-2900

  1. Нортхаус П. Г. Көшбасшылық: теория және практика – Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2020 жыл. – 560 бет.
  2. Молбасынова Ж.М., Бекметова А.К. Көшбасшылық қасиет және жаңашылдықты қабылдау: оқу құралы. – Алматы: New book, 2021. – 152 б.
  3. Левин К.Ц. Динамическая психология: сборник. 2001. – 576 с.
  4. Турсумбаева Н.Ж., Ахметова Г.Х. «Психологиялық тренинг технологиясы» оқу-әдістемелік құрал/ құрастырушы Турсумбаева Н.Ж., Ахметова Г.Х.- Алматы: ЖШС Лантар books; 2022.– 172 б.
  5. Дэниел Г. Эмоциональный интеллект. Почему он может значить больше, чем IQ. – Манн, Иванов и Фербер, 2024. – 544 с.
жастар, көшбасшылық, қалыптастыру, білім беру, психологиялық әдістер, әлеуметтік орта, инновация