Мақалада оқпандар құрылысы кезінде оңтайлы технологияларды жүргізу және зерттеу мәселелері қарастырылады. Алынған нәтижелер бойынша тау жыныстарының дәстүрлі технология бойынша өзгерістері және тау сілемін мұздату тәсілімен оқпандардың құрылысына зерттеу жүргізілді. Сонымен қатар, мұздатқыш ұңғымаларды бұрғылау кезіндегі апаттық жағдайлардың себептері мен жиілігіне талдау жасалды.
Әртүрлі тау-кен-геологиялық жағдайларда (атап айтқанда, біртекті тау жыныстары сілемінде және гетерогенді, тұрақты және тұрақсыз тау жыныстардың ауысуымен) оқпандардың құрылысы туралы талданған деректер әртүрлі тау-кен-геологиялық жағдайлардың, авариялық жағдайлардың туындау ықтималдығы дәрежесіне әсері туралы деректерді салыстыруға және монолитті тау жыныстары сілемінде бұрғы-жарылыс жұмыстары бағандардың үзілуіне әкелмейтінін, құмды сазды немесе құмды мергельді жыныстар сияқты тау жыныстарының байланыстары болған кезде, мұздату бағандарының үзілістері тұрақты түрде байқалады.
Талданатын статистикалық мәліметтерге сай, әртүрлі апаттық жағдайлардың көріну сипаты оқпанға судың кенеттен ұлғаюынан үңгубеттің айтарлықтай биіктікке кенеттен көтерілуіне және уақытша бекіту сақиналарының үзілуіне дейін өзгереді. Төтенше жағдайлардың ең көп таралған түрі – су мен тұзды ерітінділердің оқпанға енуі. Сәйкесінше, бұл жағдай мұздату үдерісінің одан әрі бұзылуына алып келеді.
ТАУ ЖЫНЫСТАРЫН ЖАСАНДЫ МҰЗДАТУ ТӘСІЛІМЕН ОҚПАНДАР ҚҰРЫЛЫСЫ ТЕОРИЯСЫ МЕН ПРАКТИКАСЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ
оқпандар құрылысы, оқпандарды мұздату, апаттық жағдайлар, белсенді мұздату, пассивті мұздату, жасанды мұздату
ТАУ ЖЫНЫСТАРЫН ЖАСАНДЫ МҰЗДАТУ ТӘСІЛІМЕН ОҚПАНДАР ҚҰРЫЛЫСЫ ТЕОРИЯСЫ МЕН ПРАКТИКАСЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ. (2024). "Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің Хабаршысы" ғылыми журналы, 72(2). https://vestnik.arsu.kz/index.php/hab/article/view/75