АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ ЖАҒДАЙЫНДА СИРЕК КЕЗДЕСЕТІН, ЖОЙЫЛЫП КЕТУ ҚАУІПІ БАР ТҮРДІҢ CRAMBE TATARICA SEBEÒK (BRASSICACEAE BURNETT.) БИОЛОГИЯСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Жарияланды 2024-07-03
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫ Нөмір 71 № 1 (2023)
№1 (2023)
Авторлар:
  • Б.А. ТУРАЛИН
  • А.Н. КУПРИЯНОВ
  • Н.В. КУРБАТОВА
  • А.А. БАЗАРҒАЛИЕВА
  • Г.Б. АДМАНОВА
  • С.Т. СЫРЫМБЕТОВ
  • Д. БИҒАЛИҚЫЗЫ
  • А.А. НИЕТУЛЛАЕВА
PDF (Russian)

Мақалада Ақтөбе облысы жағдайындағы сирек кездесетін, жойылып кету қауіпі бар түр
Crambe tatarica Sebeòk өсімдігінің тұқымдарының өнгіштігі мен өну сипатын зерттеу нәтижелері келтірілген.
Зерттеу барысында аталған өсімдік түрінің тұқымдары Ақтөбе облысының екі ауданында Қобда ауданы
Ақырап елді мекені және Ойыл ауданы Ақшатау елді мекені мен Мұқаштау борлы таулы жерлеріне экспедиция
кезеніңде жинақталды. Тұқымның морфологиялық ерекшеліктері, жемістерінің сапасы, тұқыммен жемістін
өнгіштігі алғаш рет зертханалық жағдайда зерттелді. Жүргізілген үш популияциядағы зерттеулер тұқыммен
жемістін морфологиялық пішіндерінің өлшеулер (бес және он) нәтижесінде ұзындығы және ені бойынша ұзын
тұқым көрсеткіші Ойыл ауданы, Мұқаштау борлы тау, 22.07.20 ж. (1,6 және 1,2 мм., 1,5 және 1,1 мм.)аумағында
болса, ал Қобда ауданы, Акраб ауылы 19.07.20 ж. (0,5 мм. және 0,3 мм., 0,6 мм. және 0,3 мм.) ең кішігірім
көрсеткіште байқалды. 1000 тұқым мен жемісінің орташа салмағы бірінші популяцияда максимальді – 5,8 –
8,24 г. (22.07.20 ж.) болса, сәйкесінше тұқымның ең кішігірім салмағы – 3,87- 4,27 г. бірінші популяцияға тән
(19.07.20 ж).

Brassicaceae тұқымдасы, Crambe tatarica Sebeòk, Ақтөбе облысы, сирек кездесетін және жойылып бара жатқан өсімдік, далалық және шөлді аймақ, стратификация, тұқым қоры, морфометрия