Жедел цифрлық трансформация жағдайында жоғары оқу орындарының білім беру үдерісіне инновациялық технологияларды енгізу ерекше маңызға ие болып отыр. Мақалада цифрлық құралдардың студенттердің басқарушылық және көшбасшылық құзыреттерін қалыптастыруға, сондай-ақ оқытушылардың педагогикалық қызметінің тиімділігін арттыруға әсері талданады. Зерттеу барысында сауалнама, сұхбат алу және ғылыми-әдеби дереккөздерді талдау әдістері қолданылды. Зерттеуге қазақстандық жоғары оқу орындарының студенттері, оқытушылары және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы мамандар қатысты.
Зерттеу нәтижелері виртуалды симуляторларды, онлайн-курстарды, ашық білім беру ресурстарын және бейімделген оқыту платформаларын пайдалану студенттердің оқу үдерісіне белсенді қатысуын арттырып, сыни тұрғыдан ойлау, дербестік және коммуникациялық дағдыларын дамытуға елеулі ықпал ететінін көрсетті. Мақалада «Цифрлық Қазақстан» және «Ақпараттық Қазақстан – 2022» сияқты ұлттық білім беру саласын цифрландыру бағдарламаларына ерекше назар аударылады. Аталған бағдарламалар аясында қашықтан оқыту платформалары мен электрондық білім беру ресурстары белсенді дамуда.
Зерттеу нәтижелері цифрлық технологиялардың білім беру үдерісінің икемділігін, қолжетімділігін және жекелендірілуін қамтамасыз ететінін, сондай-ақ студенттер мен оқытушылардың цифрлық құзыреттерін қалыптастыруға ықпал ететінін көрсетті. Авторлар студенттердің қажеттіліктері мен қазіргі еңбек нарығының талаптарын ескере отырып, цифрлық шешімдерді жоғары білім беру жүйесіне стратегиялық тұрғыдан интеграциялау қажеттігін атап көрсетеді. Қорытындылай келе, білім беруді цифрландыру – жоғары мектепті жаңғыртудың негізгі тетігі әрі цифрлық экономика жағдайында бәсекеге қабілетті мамандарды даярлаудың маңызды шарты болып табылады.
МОМЕНОВ Б.М.
Педагогика ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе қ., Қазақстан.
E-mail: momenovbm@mail.ru, https://orcid.org/0000-0002-4606-4072
БАРБОСЫНОВА Г.Е.
Магистр, аға оқытушы, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті Ақтөбе қ., Қазақстан.
E-mail: barbosynova.gauhar@mail.ru, https://orcid.org/0000-0002-9273-5914
- Cummings-Clay Denise. Impact of OER in Teacher Education. // Open Praxis – 2020 - vol. 12 issue 4 - pp. 541–554 DOI: https://doi.org/10.5944/openpraxis.12.4.1112 DOI: https://doi.org/10.5944/openpraxis.12.4.1112
- Massive Open Online Courses (MOOCs) - Available at: https://www.mooc.org (2015)
- Куликова Я.А. Понятие и виды цифровых технологий, используемых в административно-юрисдикционном процессе // Административное и муниципальное право – 2025 - № 1. - С.67-78. DOI: 10.7256/2454-0595.2025.1.73088 DOI: https://doi.org/10.7256/2454-0595.2025.1.73088
- Государственная программ «Цифровой Казахстан» (2018-2022) – Дата обращения: https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/activities/14764?lang=ru (2018)
- Гурьев С. В. Современное дистанционное обучение: монография // Рос. гос. проф.-пед. ун-т, Ин-т психол.-пед. образования, Каф. физ. воспитания. – 2021 - 118 с.
- Coursera на казахском языке: образование мирового масштаба. - Дата обращения: https://vku.edu.kz/2023/09/20/coursera (20 сентября 2023)
- В Казахстане запускают массовый образовательный онлайн-проект OpenU.kz - Дата обращения https://the-steppe.com/novosti/v-kazahstane-zapuskayut-massovyy-obrazovatelnyy-onlayn-proekt-openu-kz-1 (28 Марта 2017)
- Романова Г. В. Цифровизация высшего образования: новые тренды и опыт внедрения. // Гуманитарные науки. – 2020. – № 4 – С. 31–36.
- Герасимова А. Г. Подготовка студентов к профессиональной деятельности в условиях цифровизации образования // Современные наукоемкие технологии. – 2020. – № 7. – С. 136–140 DOI: https://doi.org/10.17513/snt.38148
