CR-FE-AL-SI ЖҮЙЕСІН ТЕРМОДИНАМИКАЛЫ-ДИАГРАММАЛЫҚ ТАЛДАУ

Жарияланды 2025-09-30
МЕТАЛЛУРГИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕР МЕН ТЕХНОЛОГИЯЛАР Нөмір 81 № 3 (2025)
Том 81 №3 (2025)
Авторлар:
  • ШАБАНОВ Е.Ж.
  • ХИСМАТУЛИН Д.О.
  • ЖУМАГАЛИЕВ Е.У.
  • ДЖУНДИБАЕВА А.С.
PDF

Бұл жұмыста Cr-Fe-Al-Si металлдық жүйесінің фазалық диаграммасын құру мәселесі термодинамикалы-диаграммалық талдау (ТДТ) әдістерін пайдалану арқылы қарастырылады. FactSage және HSC Chemistry бағдарламалық кешендері көмегімен орындалған термодинамикалық есептеулер негізінде жүйедегі барлық қосылыстардың стандартты Гиббс энергиясы (ΔG1723), энтальпиясы (ΔH1723) және энтропиясы (ΔS1723) анықталды. Cr-Fe-Al, Cr-Fe-Si, Cr-Al-Si және Fe-Al-Si төрт тройлық қосалқы жүйелерінің триангуляциясы жүргізілді, конгруэнтті және инконгруэнтті балқығыш қосылыстар ескеріліп, фазалардың тұрақтылық облыстары анықталды. Жүргізілген тетраэдрация нәтижесінде жүйе 24 элементарлық тетраэдрден тұратыны және олардың салыстырмалы көлемдерінің қосындысы 0,9978-ге тең екендігі анықталды, бұл есептеулердің дұрыстығын растайды. Құрамында Al-15%, Si-40%, Cr-25%, Fe-20% бар қорытпа үшін фазалық құрамды модельдеу және қоспалар ережесі бойынша балқу температурасын жуық есептеу жүргізілді, алынған мән шамамен 1450 °C құрады. Құрылған фазалық диаграмма және алынған трансформация теңдеулері қорытпа құрамының өзгеруіне байланысты фазалардың эволюциясын болжауға, алюмосиликохром балқытуға арналған оңтайлы шихтаны таңдауға және тотықсыздандыру процестерінің технологиялық тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Алынған нәтижелер хром негізіндегі жаңа қорытпаларды әзірлеу және металлургиялық процестерді оңтайландыру кезінде шығындарды азайту және дайын өнім сапасын арттыру мақсатында пайдаланылуы мүмкін.

ШАБАНОВ Е.Ж.

PhD, қауымдастырылған профессор, Металлургия және тау-кен ісі кафедрасының профессоры, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе қ., Қазақстан

E-mail: yshabanov@zhubanov.edu.k, https://orcid.org/0000-0001-6902-1211

ХИСМАТУЛИН Д.О.

Магистрант, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе қ., Қазақстан

E-mail: daniil.h@bk.ru, https://orcid.org/0009-0007-9698-3476

 

ЖУМАГАЛИЕВ Е.У.

Техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Металлургия және тау-кен ісі кафедрасының профессоры, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе қ., Қазақстан

E-mail: yzhumagaliyev@zhubanov.edu.kz, https://orcid.org/0000-0003-2227-0661

ДЖУНДИБАЕВА А.С.

1 курс докторант, Торайғыров университеті, Павлодар қ., Қазақстан.

E-mail: ajundibaeva@zhubanov.edu.kz, https://orcid.org/0009-0006-5244-3497

  1. Глушко В.П. Термодинамические константы веществ. – М.: Академия Наук СССР. Выпуск VII. Часть 1, 1974. 343 с.
  2. Морачевский А.С., Сладков И.В. Термодинамические расчеты в металлургии // Справочник М.:Металлургия. 1985.137 с.
  3. Касенов Б.К., Алдабергенов М.К., Пашинкин А.С., Касенова Ш.Б., Балакеева Г.Т., Адекенов С.М. Химия мен металлургиядағы қолданбалы термодинамика әдістері. – Қарағанды: «Гласир», 2008. – 332 б.
  4. Габдуллин Т.Г., Такенов Т.Д., Байсанов С.О., Букетов Е.А. Mn шлактарының физика-химиялық қасиеттері. – Алматы: Ғылым, 1984.
  5. Heath D.L. // Mathematical Treatment of Multicomponent Systems // Jour. Amer. Ceram. Soc. - 1957. - Vol. 40, №2. - P. 50-53. DOI: https://doi.org/10.1111/j.1151-2916.1957.tb12573.x
Cr-Fe-Al-Si жүйесі, фазалық диаграмма, термодинамикалы-диаграммалық талдау, Гиббс энергиясы, тетраэдрация, алюмосиликохром, термодинамикалық модельдеу