Мәдени өсімдіктерді өсіру үшін топырақ қажет. Алайда,жердің құнарлы қабаты өте баяу
қалыптасады және егіншілік технологиясы бұзылған жағдайда тез таусылады. Сонымен қатар,жақсы өнім алу
үшін өсімдіктерді суару керек. Егістік алқаптарының сарқылуы мен ластануы,сондай-ақ суару үшін судың
жетіспеушілігі суды пайдалана отырып,топырақсыз өсімдіктерді өсіруге мүмкіндік беретін агротехникалардың
пайда болуына әкеледі. Мұндай ауылшаруашылық технологиясының мысалы «гидропоника» болып табылады.
Кеуекті субстраттардағы қоректік ерітіндіде топырақсыз өсімдіктерді өсіру. Қазіргі әлемде алғашқы
гидропоникалық жүйелер топырақ тапшылығы бар елдерде,сондай-ақ судың өткір тапшылығы бар құрғақ және
ыстық аймақтарда пайда болды. Гидропоникалық жүйе мерзімді еңбекті,жүйелі көзқарасты,қайталанатын
қозғалыстарды және құрылымдалған ортаны қажет етеді. Қазіргі кездегі зерттеу нәтижелері гидропоникалық
культурадағы қоректік ерітіндіге арналған PH орталарын бақылау, өсімдіктерді қоректендірудің
автоматтандырылған жүйесін дұрыс пайдалануға жол ашты. Осы аталған жетістіктер арқылы тек қана дәнді
дақылдар ғана емес, барлық мәдени өсімдіктердің сапасы мен мөлшері арттыра отырып,гидопониканың
тиімділігін арттырады. Құнарлы жерлердің сарқылуы мен геологиялық топырақ қабатының өзгеруі егін және
мал шаруашылығымен айналысуға қолайсыздық туғызады. Минимальды тыңайтқыштарды, су мен адам еңбегін
қолдана отырып, өсімдіктерді шағын аудандарда өсірудің жаңа экологиялық таза әдістерін іс жүзінде
пайдаланылды.
БИДАЙ ЖӘНЕ АРПА ДАҚЫЛДАРЫН ГИДРОПОНИКА ӘДІСІМЕН ӨСІРУ
гидропоника әдісі, дәнді дақылдар, Петри табақшасы, “Жетісу” бидай сорты, «Күздік» арпа сорты, топырақсыз өсіру
БИДАЙ ЖӘНЕ АРПА ДАҚЫЛДАРЫН ГИДРОПОНИКА ӘДІСІМЕН ӨСІРУ. (2024). "Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің Хабаршысы" ғылыми журналы, 71(1). https://vestnik.arsu.kz/index.php/hab/article/view/70