Мақалада Cr-Fe-Al-Si төрт компонентті металлдық жүйесінің фазалық диаграммасы қарастырылады, ол термодинамикалық-диаграммалық талдау (ТДА) әдісі арқылы алынған. Ж. Әбішев атындағы ХМИ-де әзірленген бұл әдіс күрделі көпкомпонентті жүйелерді кең және еңбек сыйымды термодинамикалық есептеулер жүргізбей талдауға мүмкіндік береді, бұл алдын ала берілген қасиеттері бар жаңа қорытпаларды жобалауда ерекше маңызды. Cr-Fe-Al-Si жүйесінің фазалық құрылысының диаграммасы салынды және ол төрт үшкомпонентті қыры бар тетраэдр түрінде графикалық түрде көрсетілді (Fe-Al-Si, Fe-Si-Cr, Si-Al-Cr және Fe-Al-Cr). Есептеулер нәтижесінде 24 элементарлы тетраэдр бөлініп алынды, олардың салыстырмалы көлемдері анықталып, Хиз әдісі бойынша түрлендіру теңдеулерінің коэффициенттері есептелді. Тетраэдрлердің салыстырмалы көлемдерінің қосындысы бірге жақын (0,9978), бұл жүйені бөлудің дұрыстығын растайды.
Кешенді алюмосиликохром қорытпасының (Cr-25; Fe-20; Al-15; Si-40) фазалық құрамы есептелді, бұл қорытпа №13 тетраэдрмен (CrSi2–Si–FeSi2–FeAl3) модельденетіні көрсетілді. Алынған деректер зерттелетін қорытпадағы фазалардың бөлінуін сипаттауға мүмкіндік береді: 51,9% CrSi2, 3,4% Si, 19,2% FeSi2 және 25,3% FeAl3. Зерттеу нәтижелері ТДА әдісі металлдық жүйелердің фазалық күйін болжау және балқыту агрегаттарының өнімділігін арттыру мен дайын өнім сапасын жақсарту үшін шихта құрамын оңтайландыруда тиімді құрал болып табылатынын көрсетті. Құрылған диаграммалар алюмосиликохромды және басқа да күрделі легірленген қорытпаларды балқыту бойынша жаңа технологияларды әзірлеуге және әрі қарайғы эксперименттік зерттеулерге негіз бола алады.
ШАБАНОВ Е.Ж.
PhD, қауымдастырылған профессор, Металлургия және тау-кен ісі кафедрасының профессоры, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе қ., Қазақстан
E-mail: yshabanov@zhubanov.edu.k, https://orcid.org/0000-0001-6902-1211
ХИСМАТУЛИН Д.О.
Магистрант, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе қ., Қазақстан
E-mail: daniil.h@bk.ru, https://orcid.org/0009-0007-9698-3476
ЖУМАГАЛИЕВ Е.У.
Техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Металлургия және тау-кен ісі кафедрасының профессоры, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе қ., Қазақстан
E-mail: yzhumagaliyev@zhubanov.edu.kz, https://orcid.org/0000-0003-2227-0661
- Shabanov Ye.Zh., Baisanov S.O., Chekimbaev A.F., Zhumagaliev Ye.U., Zhaksylykov D.A. Thermodynamic-Diagram Analysis of the Cr-Fe-Al-Si System // KIMS.–2010.– No.6.– Pp. 85-93.
- Heath D.L. // Mathematical Treatment of Multicomponent Systems // Journal of the American Ceramic Society. - 1957. - Vol. 40, No. 2. - Pp. 50-53.
- Zaharov A. M. – V kn.: Diagrammy sostoyanij dvojnyh i trojnyh sistem. Pod redakciej prof. d.t.n. M.V. Zaharova. Moskva, Izd.: «Metallurgiya» 1964g.
- Glushko V.P. Termodinamicheskie konstanty veshchestv. – M.: Akademiya Nauk SSSR. Vypusk VII. CHast' 1, 1974. 343 s.
- Morachevskij A.S., Sladkov I.V. Termodinamicheskie raschety v metallurgii // Spravochnik M.:Metallurgiya. 1985.137 s.