АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙДЫҢЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Жарияланды 2024-07-03
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫ Нөмір 71 № 1 (2023)
№1 (2023)
Авторлар:
  • А.М. СЕРГЕЕВА
  • А.И. ДАНЬШИН
PDF (Russian)

Мақалада Ақтөбе облысындағы демографиялық жағдайды айқындайтын негізгі аспектілер
келтірілген, өңірдің демографиялық даму деңгейі мен динамикасын, демографиялық қауіпсіздікке қатерді
көрсететін көрсеткіштер сараланып, талданды, өңірдегі демографиялық проблемаларды шешуді бәсеңдететін
факторлар көрсетілген. Ақтөбе облысындағы жағдайдың өзіндік ерекшеліктерін анықтауға көмектесетін
өңірдің демографиялық көрсеткіштері мен баламалы көрсеткіштерге салыстырмалы талдау жүргізілді.
Демографиялық ахуал, осы өңірдің демографиялық дамуындағы үрдістер мен проблемалар туралы бағалау
қорытындылары жасалды.
Ақтөбе облысындағы қала және ауыл халықтарының үлес салмағы, ауыл халқының жыныстық-жастық
құрамы, табиғи өсімінің динамикасы, көші-қон процестері статистикалық мәліметтер негізінде сараланды.
Облыстағы басты проблемалардың бірі – халықтың әркелкі қоныстануы. Қазіргі уақытта Ақтөбе облысы өзінің
әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін жақсарту керек, сондықтан демографиялық фактордың
ерекшеліктерін ескермей, бір нәрсені өзгерту мүмкін емес. Осылайша, біз демографиялық фактор аймақтағы
экономикалық жағдайдың өзгеруіне әсер ететін іргелі факторлардың бірі деп айта аламыз, ал оның өзі аумақтың
әлеуметтік-экономикалық даму деңгейіне байланысты. Демографиялық жағдайдың аумақтық ерекшеліктерін
сипаттайтын көрсеткіштерді және аудандардың әлеуметтік-экономикалық даму деңгейіне қатысты деректерді
салыстыра отырып, демографиялық көрсеткіштері жоғары ауыл, әдетте, әлеуметтік-экономикалық дамудың
жоғары деңгейімен сипатталады деген қорытынды жасауға болады.

демографиялық жағдай, халық саны, халық санының динамикасы, табиғи қозғалыс, көші-қон, Ақтөбе облысы