БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТТІ ОҚЫТУ МАЗМҰНЫН ЖОБАЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК БАҒЫТТАРЫ

Жарияланды 2025-09-30
ФИЗИКА-МАТЕМАТИКА Нөмір 81 № 3 (2025)
Том 81 №3 (2025)
Авторлар:
  • ДАМЕКОВА С.К.
  • ҚОЙШЫБАЙ Б.Е.
PDF

Білім беру жүйесінде жасанды интеллект (ЖИ) технологияларын енгізу – заманауи педагогиканың жаңа стратегиялық бағытына айналып отыр. Бұл мақалада ЖИ-ді орта білім мазмұнына кіріктірудің халықаралық үлгілері мен отандық тәжірибесі салыстырмалы тұрғыда талданады. Әлемдік білім кеңістігіндегі AI4K12, ЮНЕСКО және ЭЫДҰ ұсынымдары негізінде ЖИ оқытудың құрылымдық-әдістемелік модельдері жүйеленіп, олардың мазмұндық домендері, теория-практика-этика үштағаны бойынша сараланады. Сонымен қатар, Қазақстан мектептеріндегі 11-сынып оқулығы негізінде дайындалған үш баспа (Арман-ПВ, Атамұра, Алматыкітап) мазмұны құрылымдық және әдістемелік параметрлер бойынша салыстырылып, олардың артықшылықтары мен кемшіліктері жіктеледі. Зерттеу барысында оқыту мазмұнының спиральдық моделі, практикалық бағыттылық, пәнаралық интеграция, заманауи цифрлық платформаларды пайдалану және ЖИ этикасын кіріктіру секілді факторлар негізгі талдау нысаны ретінде қарастырылды. ЖИ технологияларын меңгертуде тек алгоритмдік ойлау емес, сонымен қатар әлеуметтік жауапкершілік пен сындарлы пайымдауды дамыту қажеттігі айқындалды. Автор ЖИ-ді оқытуда теориялық білім, практикалық дағды және құндылықтық бағдардың үйлесімділігін қамтамасыз ететін мазмұндық-концептуалдық үлгіні ұсына отырып, ұлттық білім беру стандарты мен халықаралық талаптар арасындағы тепе-теңдікті сақтаудың маңызын негіздейді. Мақалада ұсынылған тұжырымдар ЖИ мазмұнын жүйелі жобалауға және оны орта білім берудің ұлттық контексіне бейімдеуге арналған практикалық ұсыныстармен ұштасады.

ДАМЕКОВА С.К.

Педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, Астана халықаралық университеті, Астана қ., Қазақстан.

Е-mail: saule.damekova2020@gmail.com, https://orcid.org/0000-0001-8544-3019

ҚОЙШЫБАЙ Б.Е.

Магистрант, Астана халықаралық университеті, Астана қ., Қазақстан.

Е-mail: beknurkoishybai76@gmail.com, https://orcid.org/0009-0007-2097-2594

  1. Қазақстан Республикасы Үкіметі. Жасанды интеллектті дамытудың 2024–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы. – Астана: ҚР Үкіметі, 2024. – 24 шілде, № 592. – Қол жеткізу режимі: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P2400000592
  2. AI4K12 Initiative. Big Ideas for AI Education – Access mode: https://ai4k12.org
  3. Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы. Орта білім беру жүйесінде жасанды интеллектті қолдану бойынша әдістемелік ұсынымдар. – Астана: Ұлттық білім академиясы, 2024. – 290 б.
  4. Асамбаев А. Ж. Жасанды интеллект негіздері: оқулық. – Алматы: Дәуір, 2011. – 136 б.
  5. Inspirit AI. AI Scholars Live Online Program – Access mode: https://www.inspiritai.com
  6. Kaggle. Data Science and Machine Learning Competitions [Электронный ресурс]. — Режим доступа: https://www.kaggle.com.
  7. Салғараева Г. И., Базаева Ж. Б., Маханова А. С. Информатика: жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағыты бойынша 11-сынып оқушыларына арналған оқулық. – Нұр-Сұлтан: Арман-ПВ, 2020. – 52 б.
  8. Исабаева Д. Н., Абдулкаримова Д. А., Рахимжанова Л. Б., Әубекова М. А. Информатика: жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағыты бойынша 11-сынып оқушыларына арналған оқулық. – Алматы: Атамұра, 2020. – 16 б.
  9. Архипова В. Г., Амдамова Р. Г., Беристемова Н. К., Кадыракунов К. Б. Информатика: жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағыты бойынша 11-сынып оқушыларына арналған оқулық. – Алматы: Алматыкітап баспасы, 2023. – 67 б.
  10. Serik M., Sadvakassova A., Duisegaliyeva N., Samashova G., Kultan J. Project-based learning for machine learning in computer vision courses: case study of Kazakhstan and Slovakia // International Journal of Innovative Research and Scientific Studies. – 2025. – Т. 8, № 2. – Б. 1183–1196. – DOI: 10.53894/ijirss.v8i2.5422.
жасанды интеллект, оқу мазмұны, білім беру моделі, салыстырмалы талдау, спиральдық принцип, алгоритмдік ойлау, этикалық аспектілер