Мақалада немістердің күштеп көшірілу тарихы, олардың Ақтөбе облысына келуі, аудандар бойынша орналастырылуы, шаруашылықтық, әлеуметтік жағынан қамтамасыз етілуі, жаңа жерлерге келгеннен кейінгі тарихи тағдыры қарастырылады. Авторлар жергілікті архив деректері негізінде Ақтөбе облысына қоныс аударылған немістердің категорияларын, сандық құрамын және аудандар бойынша бөлінісін зерделейді. Қоныс аударылған немістердің шоғырланған жерлері, солардың негізінде құрылған елді мекендер туралы өлкетанулық мәліметтер келтіреді. Сондай-ақ мақалада қоныс аударылған немістердің үй-жаймен, жұмыспен қамтамасыз етілу мәселелері талданады. Авторлар бұл ретте олардың ауыр құрылыс және колхоз жұмыстарына тартылғандығын атап өтеді.
Мақалада қоныс аударылған немістердің жаңа жерлерге келгеннен кейінгі екінші рет қуғын-сүргінге
ұшыратылу мәселесіне ерекше көңіл бөлінген. Авторлар немістердің еңбекке жарамды бөлігінің еңбек колонналарына алынып, ірі құрылыс нысандарына жұмысшы күші ретінде жегілгендігін атап өтеді. Бұл құрылыс нысандары Ақтөбе еңбекпен түзеу лагерінің бөлімшелері болды. Еңбекке жұмылдырылғандар лагерлік режимде өмір сүрді. Олардың барлық құқықтары тапталып, адам төзгісіз жағдайларда жұмыс жасады. Авторлар кейбір арнайы қоныс аударылған немістердің жалған айыптармен тергеуге алынып, сотты болғандығын да атап өтеді. Тұтқындардың лагерлердегі ауыр жағдайын, олардың түрлі жұқпалы індеттерге
шалдығып, өлу фактілерін архив деректерінің негізінде баяндайды. Мақала соңында негізгі түйіндер жасалған.
- Aktobe oblystyk memlekettіk arhivі (AOMA). 13-kor, 5-tіzbe, 2-іs.
- AOMA. 63-kor, 1-tіzbe, 20-іs.
- AOMA. 13-kor, 4-tіzbe, 300-іs.
- Ivanov A.S., Mihalev N.A. Etnicheskie deportacii naseleniya SSSR v sovremennoj zarubezhnoj istoriografii // Voprosy istoriii. – 2018. - №10. – S. 162-175 [in Russian].
- Stalinskie deportacii. 1928-1953 / Pod obshch. red. akad. A.N.YAkovleva; sost. N.L. Pobol', P.M. Polyan. – Moskva: Materik, 2005. – 904 s. – (Rossiya. HKH vek. Dokumenty)
- Iz istorii nemcev Kazahstana (1921-1975 gg.): Sb. dokumentov / Arhiv Prezidenta RK / Otv. red. G.A. Karpykova. 2-e izd. – Almaty-Moskva: Gotika, 2000. – 376 s. .
- Iz istorii deportacij. Kazahstan. 1939–1945 gg. Sbornik dokumentov. T. 3. – Almaty: LEM, 2019. – 708 s.
- Deportirovannye v Kazahstan narody: vremya i sud'by. – Almaty: Arys-Қazaқstan, 1998. – 428 s.
- Iz istorii deportacii nemcev v Kazahstan. 1941-1945 gg. Sbornik dokumentov. – Gettingen – Almaty, 2022. – 400 s.
- Bugaj N.F. Deportaciya narodov Kryma. – Moskva: Insan, 2002. – 240 s.
- Bugaj N.F. Sistema rabochih kolonn i batal'onov – sostavlyayushchaya chast' «trudarmij». 1940-1950-e gody // «Belye pyatna» rossijskoj i mirovoj istorii. 2015. - №1-2. S. 9-49. http://www.publishing-vak.ru/file/archive-history-2015-1/1-bugai.pdf
- German A.A. Istoriya Respubliki nemcev Povolzh'ya v sobytiyah, faktah, dokumentah. – 2-e izd. – Moskva: Gotika, 2000. – 320 s.
- German A.A. Deportaciya nemcev Povolzh'ya osen'yu 1941 g. // Nachal'nyj period Velikoj Otechestvennoj vojny i deportaciya rossijskih nemcev: vzglyady i ocenki cherez 70 let:Materialy 3-j mezhd. nauchno-prakt. konf. (Saratov, 26–28 avgusta 2011 g.). – Moskva, 2011. – S. 415-441.
- Istoriya Kazahstana: narody i kul'tury / Masanov N.E. i dr. – Almaty: Dajk-Press, 2001. – 608 s.
- Kulbaev T., Hegaj A. Deportaciya. – Almaty: Dәneker, 2000. – 274 s.
- Kydyralina ZH.U. Deportirovannye v Kazahstan narody: istoriya i sovremennost' – Almaty: Ғylym, 1999. – 188 s.
- Kalybekova M.CH. Istoriya deportirovannyh narodov Kazahstana (1937-1956 gg.). – Almaty, 2008. – 188 s.
- Burgart L.A. Nemeckoe naselenie v Vostochnom Kazahstane v 1941–1956 gg. – Ust'- Kamenogorsk, 2001. – 375 s.
- Tabuldenov A.N. Deportaciya narodov i evakuaciya v Severnyj Kazahstan (1937-1956 gg.): Monografiya. – Kostanaj, 2015. – 192 s.
- Najmanbaev B.R., Syzdyқova G.M. Ontustіk Kazakstanga deportaciyalangan halyktar tarihynan // «XIX g. bіrіnshі zhart. Ontustіk Kazakstan onіrіndegі sayasi kugyn-surgіn: zhanakazakstandyk kogam kozkarasymen zerdeleu men zertteu» atty halykaralyk gyl.-tazh. konf. (02.12.2022) enbekter zhinagy. – Shymkent, 2022. – 312 b. 192-194 bb.
- Egibaeva L. Batamshinskij GULAG // https://avestnik.kz/ batamshinskij-gulag/
- AOMM. 85-kor, 1-tіzbe, 1348-іs.
- AOMM. 13-kor, 11-tіzbe, 162-іs.
- AOMA. 13-kor, 11-tіzbe, 272-іs.
- AOMA. 13-kor, 12-tіzbe, 276-іs.
- AOMA. 13-kor, 12-tіzbe, 238-іs.
- AOMA. 13-kor, 11-tіzbe, 18-іs.
- AOMA. 515-kor, 1-tіzbe, 148-іs.