Цифрландырудың кеңеюі мен инклюзивті білім саясатының дамуы жағдайында ерекше білім беру қажеттіліктері (ЕБҚ) бар оқушыларға арналған информатика курсын бейімдеудің қажеттілігі артады. Мақалада цифрлық білім беру ресурстарын, интерактивті тапсырмаларды және жасанды интеллект технологияларын пайдалана отырып, инклюзивті информатика оқу процесін ұйымдастыру тәсілдері қарастырылады.
Электрондық білім беру ресурсын және көру мен зияткерлік қабілеттері бұзылған балаларға арналған бейімделген тапсырмалар жинағын әзірлеуге және сынақтан өткізуге ерекше назар аударылады. Ресурсты оқу үдерісіне енгізу кезеңдері, тапсырмаларды бейімдеу әдістемесі және инклюзивтік сынып жағдайында жүргізілген педагогикалық эксперименттің нәтижелері ұсынылған.
Оқу жетістіктерін және мотивацияны диагностикалаудың «Жетістік баспалдақтары» мен проективті әдістерді қоса алғанда, әдістемелері талданған. Оқытуға қолжетімділікті арттыратын құралдар: дауыстық көмекші, визуалды интерфейстер, адаптивті дизайн және мультимедиялық материалдар жеке қарастырылған.
Универсалды оқу дизайны мен білім беру жолын дараландыруға бағытталған инклюзивті информатикаға арналған цифрлық шешімдерді жасау бойынша практикалық ұсынымдар берілген.
Алынып отырған нәтижелер инклюзивті бастауыш және негізгі білім саласында жұмыс істейтін педагогтар, әдіскерлер және цифрлық білім беру өнімдерін әзірлеушілер үшін пайдалы болуы мүмкін
БАЙГАНОВА А.М.
Педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе қ., Қазақстан
E-mail: altynzer_70@mail.ru, https://orcid.org/0000-0001-5717-8422
НАРЫМБАЕВА М.А.
Магистрант, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе қ., Қазақстан
E-mail: madina_n93@mail.ru, https://orcid.org/0009-0002-5948-3185
- W3C Web Accessibility Initiative. Web Content Accessibility Guidelines (WCAG) 2.1 – Access mode: https://www.w3.org/TR/WCAG21/, free. – Title from screen.
- Burgstahler, S. Creating Inclusive Learning Opportunities in Higher Education: A Universal Design Toolkit / S. Burgstahler. – Seattle: DO-IT, University of Washington, 2019. – 124 p.
- Edyburn D. L. Inclusive Technologies: Tools for Helping Diverse Learners Achieve Academic Success / D. L. Edyburn. – Arlington: CEC Publications, 2013. – 176 p.
- Нуртазина, Ж. К. Инклюзивное образование в Казахстане: современные вызовы и перспективы развития / Ж. К. Нуртазина // Специальное образование и коррекционная педагогика. – 2022. – № 4(56). – С. 44–49.
- Петров А.Ю. Цифровая грамотность и инклюзия в образовательном процессе / А.Ю. Петров. – 2022.
- Официальная документация LearnPress – Режим доступа: https://learnpress.io/, свободный. – Загл. с экрана.
- Поляков А.Н. Методы диагностики и коррекции познавательной деятельности у детей с ЗПР / А.Н. Поляков. – Екатеринбург: Уральский университет, 2017. – 184 с.
- Шевченко С.В. Инклюзивное образование: технологии обучения и сопровождения детей с особыми образовательными потребностями / С.В. Шевченко. – М.: Дрофа, 2020. – 320 с.
