Мақалада тіл білімінде жаңа қалыптасып келе жатқан когнитивтік терминтаным, терминге когнитивтік көзқарас және А.Байтұрсынұлы еңбектеріндегі когнитивтік терминтаным мәселелері сөз болады. Мақалада А.Байтұрсынұлының кәсіби тілдік тұлғасының үш өлшемі анықталады. Ғалымның кәсіби тілдік тұлғасы 1) кәсіби тілдік тұлға қолданған пән сөздеріндегі кәсіби білім; 2) кәсіби бағытталған қарым- қатынастағы тірек сөздер, көтерілген тақырыптар мен мәселелерде бейнеленген жеке-тұлғалық мағыналар; 3) мотивациялық-прагматикалық өлшем бойынша талданады. Бірінші өлшем тұлғаның танымымен байланысты когнитивтік құрылым мазмұнымен анықталады. Екінші өлшем А.Байтұрсынұлының көтерген мәселелері мен тақырыптарынан, жеке тұжырымдары мен ой-пікірлерінен көрінеді. Ғалымның қазақ балаларын сауаттандыру, қазақша әліпби құрастыру, қазақ мұғалімдеріне арнап жазған көмекші құралдары, жазу тәртібі, пән сөздерін жасау ұстанымдары, тіл тазалығы, сөз өнері, ағартушылық идеялары оның жеке-тұлғалық көзқарастарын білдіреді. Үшінші мотивациялық-прагматикалық өлшем ғалым еңбектерінде талданған халық ауыз әдебиеті үлгілерінен көрінеді. Оның Абай, Шәкәрім, Мағжан т.б. ақындардың шығармаларындағы ағартушылық идеяларды ғылыми дискурсқа түсіруі ғалымның кәсіби тілдік тұлғасының рухани және коммуникативтік деңгейін анықтайды. Пән сөздерінің кәсіби тілдік тұлға дискурсы бірлігі екендігі дәлелденеді. Терминді когнитивтік коммуникативтік және прагматикалық аспектіде зерттеудің ерекшеліктері көрсетіледі. Терминнің
адамның өмір бойы жинақтаған кәсіби-ғылыми білімінің нақты тілдік формасымен бейнеленген, ерекше когнитивтік-ақпараттық құрылым екендігі А.Байтұрсынұлы еңбектері бойынша талданады.
А. БАЙТҰРСЫНҰЛЫ ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ КОГНИТИВТІК ТЕРМИНТАНЫМ МӘСЕЛЕСІ
когнитивтік терминтаным, кәсіби тілдік тұлға, пән сөздері, терминологиялық аталым, кәсіби дискурс, кәсіби білім, кәсіби тәжірибе
А. БАЙТҰРСЫНҰЛЫ ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ КОГНИТИВТІК ТЕРМИНТАНЫМ МӘСЕЛЕСІ. (2024). "Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің Хабаршысы" ғылыми журналы, 71(1). https://vestnik.arsu.kz/index.php/hab/article/view/58