Бұл мақаладағы зерттеудің мақсаты – мектеп информатикасы бойынша оқушылардың зерттеу мәдениетін қалыптастыруды және зерттеу жұмыстарының тапсырмалар жүйесін жасаудың әдістемелік ерекшеліктерін теориялық тұрғыдан негіздеу. Мектеп оқушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және одан әрі дамыту мектеп оқушыларымен шығармашылық жұмыстың негізгі нысандарының бірі. Ол зерттеу тақырыбы бойынша қажетті мамандандырылған мәліметтер қорларына, ақпарат көздеріне қол жеткізуді қамтамасыз ететін заманауи ақпараттық технологияларды қолдануды талап етеді. Зертеу әдістері – ғылыми мақалаларды талдау, эмпирикалық әдістер, жобалық әдіс, зерттеу жұмыстарының тапсырмалар жүйесін жасау әдістемесі. Жобалық әдіс және оқытудағы белсенділікке негізделген әдіс оқушыларды ғылымға баулу мәселелерінің ең жақсы шешімі. Оқушыларды зерттеушілік және ізденіс әрекетіне ерте баулу интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін барынша толық анықтауға және дамытуға мүмкіндік береді. Бұл әрекеттерді тек орта мектепте ғана емес, бастауыш мектепке де қолдану тиімді болуы мүмкін. Зерттеу нәтижесінде оқушылардың зерттеу мәдениетін қалыптастырудың жетекші тенденциялары анықталды, информатика сабақтарында оқушылардың зерттеу мәдениетін тиімді қалыптастырудың оңтайлы педагогикалық жағдайлары анықталды, информатика сабақтарында оқушылардың зерттеу мәдениетін қалыптастыру негізделді.
ЕРЕКЕШЕВА М.М.
физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе қ., Қазақстан
Е-mail: myerekesheva@zhubanov.edu.kz, https://orcid.org/0000-0002-4043-5688
САГИМБАЕВА А.Е.
Педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы қ., Қазақстан
Е-mail: aiya_c@mail.ru, https://orcid.org/0000-0003-3258-7558
ҚАЛИ Р.Б.
мұғалім, №51 гимназия КММ, Ақтөбе қ., Қазақстан.
E-mail: Ykali000@gmail.com, https://orcid.org/0009-0002-5738-4271
- Школьникова М. Н. Формирование исследовательской культуры учащихся на уроках информатики / Педагогические науки. 2018. 2(25), 41-44.
- Головина Е. Ю. Особенности формирования исследовательской культуры на уроках информатики в условиях реализации ФГОС./ Информационные технологии в образовании. 2019. 32(2), 42-50.
- Абдуллаева Л. Г. Развитие исследовательской культуры на уроках информатики в условиях перехода на новые образовательные стандарты / Образование и наука. 2020. 22(2), 74-80.
- Краснова О.В. Методические подходы к формированию исследовательской культуры на уроках информатики в условиях цифровизации образования / Вестник науки и образования. 2021. 6(2), 51-54.
- Lysak, O.G., Pravdyuk, V.N. The technology of developing a theoretical model for the preparation of future bachelors of vocational training based on the formation of natural science mathematical competencies / O.G. Lysak, V.N. Pravdyuk / Scientific Notes of the Oryol State University. - 2016. - No. 1 (70),214-218.
- Ratheeswari K. Information Communication Technology in Education / Journal of Applied and Advanced Research, 2018, 3(S1),45-69.
- Попова, А. А. Формирование исследовательской культуры на уроках информатики в рамках проектной деятельности / Новые технологии в образовании. 2022. 18(1), 136-140.
- Djordjevic-Kajan S , & Milosavljevic B. Forming students’ research culture in computer science classes through project-based learning / Journal of Information Technology Education: Research. 2021. 20-39.
- Barrow L. H., & La H. C. Developing students’ research skills through a research-based computer science curriculum / Computer Science Education. 2021. 31(1), 1-22.
- Akhmetova, L. A., & Akhmetov, A. R. Methodology for developing research culture among students in computer science classes in modern conditions. Pedagogical Education in Russia, 2021.-86-91.