Мақалада Al-Cr-Si және Al-Cr-C үштік жүйелеріне арналған «Triangle» кешенді бағдарламасын қолдану арқылы термодинамикалық есептеулерді жүргізу және зерттеу сұрақтары қарастырылған. Алынған нәтижелер бойынша темір-титан қорытпаларында пайда болатын негізгі фазалар және олардың температураға байланысты өзгерістері зерттелді. Сонымен қатар, балқытудың нақты материалдық
тепе-теңдігін жасау және қорытпаның құрамын термодинамикалық реттеу мүмкіндігі қарастырылды. Al-C-Si және Al-C-Cr жүйелерінде жоғары температуралы облыстарда өтетін металлургиялық үрдістерді болжау кезінде термодинамикалық модельдеуді пайдалану негізгі химиялық реакциялардың жүру механизмін орнатуға
және реакциялардың нақты стехиометриялық арақатынасын анықтауға және жүйедегі фазалық тепе-теңдік шарттарын сақтау негізінде реакцияның дұрыс жазылуын көрсетуге мүмкіндік береді. Алынған нәтижелер темір-хром қорытпаларын балқытудың нақты материалдық балансын жасау негізін және қорытпаның құрамын реттейді. Хром негізіндегі төрткомпонентті Al-Cr-Si-C жүйесінің құрамдас бөліктері Al-C-Si және Al-C-Cr жүйелерінде жоғары температуралы облыстарда өтетін металлургиялық үрдістерді нақты сипаттайтын
үшбұрыштарды зерттеу, қорытпа құрамын анықтауға жол ашады. Зерттелген температуралық интервалдарда пайда болатын фазалар, балқытылып алатын өнімнің нақты құраушылары болып табылады. Төрт компонетті жүйелерді зерттеу, модельдеу жұмыстары өндірістік мәселелерді шешуге басты алғышарт болады.
- Габдуллин Т.Г., Такенов Т.Д., Байсанов С.О., Букетов Е.А. Физико-химические свойства марганцевых шлаков. - Алматы: Наука, 1984. - 232с.
- Акбердин А.А. Балансовый метод расчета равновесного фазового состава многокомпонентных систем //КИМС. - 1995. - №3. - С. 92-93.
- Акбердин А.А., Сарекенов К.З., Саитов Р.И. Аналитическое описание фазового равновесия в системе CaO-SiO2-FeO-ZnO //Вестник Карагандинского университета. - Караганда. - 2005. - №1(37). - С. 14-18.
- Симбинов Р.Д., Малышев В.П. Термодинамическое, стехиометрическое и эксергетическое моделирование фазовых равновесий. - Алматы: Гылым, 1999. - 100с.