Мақала ХVІІІ ғасырдағы хан билігі институтын, Кіші жүз қазақтарының Ресей империясының құрамына кіргеннен кейінгі Даладағы жоғарғы биліктің қайта құрылу үдерісінің басталуын зерттеуге арналған. Қазақ хандары Әбілқайыр мен Абылай тұсында жоңғарлардың қазақ жүздерінің жеріне басып кіруі, башқұрттардың көтерілісі және олардың Қазақстан жеріне өтуі, Даладағы империялық билік ықпалының күшеюі мәселелері қарастырылады.
Мақалада қазақ Шыңғыс хан ұрпақтарының осы тарихи кезеңдегі рөлі мен саясаты, саяси факторлардың этномәдени факторларға әсері талданып, Дала билеушілерінің тұлғааралық қарым-қатынастары зерттеледі.
Мақалада Әбілқайыр хан қайтыс болғаннан кейін оның әулетінің намысын қорғаудағы Абылай ханның рөліне назар аударылып, Ресей империясы Сыртқы істер алқасының Абылайдың жоңғарлар мен одан әрі Цин империясымен жақындасуына жол бермеу стратегиясына талдау жасалды. Еңбекте Қазақ даласын өте жетік білген П.Рычков пен А.Тевкелевтің Орта жүз қазақтарымен қарым-қатынасты реттеу туралы ұсыныстары, Абылайдың тұтқыннан оралғаннан кейін жоңғар билеушісімен қарым-қатынасы зерттелген.
ЛЮБИЧАНКОВСКИЙ С.В.
тарих ғылымдарының докторы, профессор, жетекші ғылыми қызметкер, Ресей Ғылым Академиясының Сібір бөлімінің тарих институты, Новосибирск, Ресей Федерациясы
E-mail: svlubich@yandex.ru, https://orcid.org/0000-0001-8349-1359
- Judin V.P. Ordy: Belaja, Sinjaja, Seraja, Zolotaja…// Kazahstan, Srednjaja i Central'naja Azija v XVI-XVIII vv. – Alma-Ata, 1983. – S.106-165.
- Sultanov T.I. Podnjatye na beloj koshme. Potomki Chingiz hana. – Almaty, 2001. – 276 s.
- Izbassarova G.B. XVIII gasyrdagy қazaқ-bashkurt ara қatynastaryndagy sajasi zhane jetnikalyk urdіster. – Aktobe, 2008. – 232 b.
- Erofeeva I.V. Han Abulhair: polkovodec, pravitel', politik. – Almaty, 2007. – 484 s.
- Arhiv vneshnej politiki Rossijskoj imperii (AVPRI). F.122. O.122/3. D.1.
- Erofeeva I.V. Simvoly kazahskoj gosudarstvennosti (pozdnee srednevekov'e i novoe vremja). – Almaty, 2001. – 152 s.
- AVPRI. F. 113. Jungorskie dela. Op. 113/1. 1758. D. 4.
- AVPRI. F.122. Kirgiz-kajsackie dela. Op.122/1. 1758. D.3.