КЕШЕНДІ ФЕРРОҚОРЫТПАЛАРДЫ АЛУ МҮМКІНДІГІ ҮШІН ЖОҒАРЫ КҮЛДІ КӨМІРДІҢ МЕНШІКТІ ЭЛЕКТР КЕДЕРГІСІН ЗЕРТТЕУ

Жарияланды 2025-03-31
МЕТАЛЛУРГИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕР МЕН ТЕХНОЛОГИЯЛАР Нөмір 79 № 1 (2025)
№1 (2025)
Авторлар:
  • ЖАҚАН А.М.
  • КАБЫЛКАНОВ С.К.
  • БУРУМБАЕВ А.Г.
  • САДЫҚ Ж.О.
PDF (English)

Көмір электрод және көміртекті графит өнімдерін өндірудің бастапқы материалы ретінде ғана емес, сонымен қатар графитация үшін пешке, тотықсыздандырғышты және жылу оқшаулағышты жүктеу кезінде белсенді қарсылық рөлін атқарады. Оның меншікті электр кедергісі пештің жұмыс кеңістігінде электр қуатының біркелкі таралуына айтарлықтай әсер етеді, бұл өз кезегінде соңғы өнімнің сапасына және өндірістің энергия шығындарына әсер етеді. Жұмыстың өзектілігі металлургия өнеркәсібіне, оның ішінде ферроқорытпалар өндірісіне  қажетті  кешенді  ферроқорытпаларды балқыту үшін жоғары күлді көмірлерді қолдану мүмкіншілігі зерттелді. Зерттеу нысаны ретінде «Сарыадыр» және «Борлы» көмірлері таңдалды.  Зертханалық зерттеу жұмыстары жоғары температуралы Тамман  зертханалық  пешінде  орындалды.  Көмірдің меншікті электр кедергісін зерттеу 0,02–0,04 МПа қысыммен жүргізілді. Көмірдің  электр өткізгіштігінің  өзгеруі  бойынша  зерттеулер  қызу  жылдамдығы  15град/минутта  25-1600°С  температура  аралығында жүргізілді. Температураға  байланысты шикіқұрам материалдардың меншікті электр кедергісі  пайда болуының негізгі заңдылықтары анықталды. Ұсынылған өлшеу әдісі бойынша шикіқұрам материалдарының физика-химиялық қасиеттері туралы терең ақпарат алуға мүмкіндік береді. Жоғары күлді «Сарыадыр» көмірі жоғары температурада тұрақты меншікті электр кедергісіне ие бола отырып, балқу кезінде оңтайлы режимге қол жеткізуге болатындығы анықталды.

ЖАҚАН А.М.

1-ші курс докторанты, Торайғыров университеті, Павлодар қ., Қазақстан.

E-mail: armat.01.01@mail.ru, https://orcid.org/0009-0002-3810-0528

КАБЫЛКАНОВ С.К.

2-ші курс докторанты, Д.Серікбаев ат. Шығыс-Қазақстан техникалық университеті, Өскемен қ., Қазақстан.

E-mail: kabyl_96@mail.ru, https://orcid.org/0000-0002-1272-2065

БУРУМБАЕВ А.Г.

2-ші курс докторанты, Қарағанды индустриялық университеті, Теміртау қ., Қазақстан.

E-mail: burumbayev.azamat@mail.ru, https://orcid.org/0000-0001-5276-2259

САДЫҚ Ж.О.

инженер, Ж.Әбішев ат. Химия-Металлургия институты, Қарағанды қ., Қазақстан

E-mail: sadzhad03@gmail.com, https://orcid.org/0009-0006-8557-1532

  1. Jaqan A.M. Hrom jäne marganes qūramdas keşendı qorytpalardy balqytuğa arnalğan şikızatty zertteu jäne taldau: dis. ... magistr tehn. nauk. — Aktobe, 2024. - S. 43.
  2. Makhambetov Ye., Abdrashit A., Kuatbay Ye., Yucel O., & Tajiev E.(2022). To study the electrophysical properties of raw materials for smelting a complex alloy of aluminosilicomanganese. Engineering Journal of Satbayev University, 144(2), 15–21. https://doi.org/10.51301/ejsu.2022.i2.03
  3. ZHuchkov V.I. Metodika opredeleniya elektricheskogo soprotivleniya materialov i shiht. / V.I. ZHuchkov, A.S. Mikulinskij // Eksperimental'naya tekhnika i metody vysokotemperaturnyh izmerenij. – M., 1966. – S. 43-46.
  4. Peng, A.; Lu, H.; Zhao, W.; Morvan, H.; Zhu, M. Characteristics of Ash Accumulation and Alkali Metal Migration in Coal-Fired Power Station Boilers Under Low-Load Combustion. Processes 2025, 13, 242. https://doi.org/10.3390/pr13010242
  5. Pak, Y.; Pak, D.; Ibragimova, D.; Matonin, V.; Tebayeva, A. Assessment of Natural Radioactivity and Trace Element Composition of Coals and Ash and Slag Waste in Kazakhstan. Atmosphere 2025, 16, 125. https://doi.org/10.3390/atmos16020125
электр кедергісі, жоғары күлді көмір, кешенді ферроқорытпа, температура, Тамман пеші