МАССАСЫ БАР ТЕЛЕПАРАЛЛЕДІ ГРАВИТАЦИЯЛЫҚ ТЕОРИЯНЫҢ КЕЙБІР ШЕШІМДЕРІ

Жарияланды 2025-03-31
ФИЗИКА-МАТЕМАТИКА Нөмір 79 № 1 (2025)
№1 (2025)
Авторлар:
  • НАСИПБЕКОВА С.А.
  • МЫРЗАКУЛОВ Н.А.
PDF

Бұл жұмыста (2+1) өлшемді телепараллель гравитация теориясы қарастырылады, және оған қосымша массасы бар теорияға минималды байланысқан фермиондық өрістің әсері зерттеледі. Фридман теңдеулері мен фермиондық өрістің қозғалыс теңдеулері қорытып шығарылып, олардың өзара байланысы анықталды.. Космологиялық шешімдерді табу үшін Нетер калибрлік симметрия әдісі қолданылды. Сонымен қатар, алынған шешімдер мен теориялық нәтижелердің гравитацияның альтернативті түсіндірілуіне ықпалы талқыланды. Массасы бар телепараллельді гравитацияда торсияның рөлі, оның кеңістіктің динамикасына әсері және фермиондық өрістермен өзара әрекеттесуі жан-жақты қарастырылды. Бұл тәсіл гравитация теорияларының кеңейтілген моделін ұсынуға мүмкіндік береді. 
Жұмыста телепараллель гравитацияның дәстүрлі гравитациялық теориялармен салыстырмалы артықшылықтары қарастырылып, оның космологиялық қолданылу және онын мүмкіндіктері зерттелді. Әсіресе, біздегі алынған шешімдер арқылы қарастырылатын кеңістік-уақыттың қасиеттері және оның энергия-момент таралуымен байланысы анықталды. Теориядағы торсиялық өрістердің ықпалы зерттеліп, олардың гравитациялық әсері мен жалпы салыстырмалылық теориясымен үйлесімділігі талданды. Бұл зерттеу телепараллель гравитацияның кеңейтілген нұсқаларын дамытуға және альтернативті космологиялық модельдерді қарастыруға негіз бола алады. Алынған нәтижелер Ғаламның үдемелі ұлғаюын сипаттайтын шешімдердің бар екенін көрсетті.

НАСИПБЕКОВА С.А.

магистрант, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті, Астана қ., Қазақстан

Е-mail: nassipbekovasaule@gmail.com, https://orcid.org/0009-0002-6862-8569

МЫРЗАКУЛОВ Н.А.

PhD, доцент м.а., Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті, Астана қ., Қазақстан.

Е-mail: nmyrzakulov@gmail.com, https://orcid.org/0009-0002-6862-8569

  1. Sucu Y., Ünal N. Exact solution of Dirac equation in 2+1 dimensional gravity // Journal of mathematical physics. - 2007. - Vol. 48. - P. 052503.
  2. Gecim G., Kucukakca Y., Sucu Y. Noether Gauge Symmetry of Dirac Field in (2+1)-Dimensional Gravity // Advanced in High Energy Physics. - 2015. - Vol. 2015. - P. 567395.
  3. De Souza R.C., Kremer G.M. Noether symmetry for non-minimally coupled fermion fields // Classical and Quantum Gravity. - 2008. - Vol. 25, № 22. - P. 225006.
  4. Kucukakca. Y., Teleparallel dark energy model with a fermionic field via Noether symmetry. // The European Physical Journal. – 2014. - Vol. 74. – P.7.
  5. Bergshoeff E., Hohm O., Townsend P. K., Massive Gravity in Three Dimensions. // Physical Review Letters. – 2009. – Vol.102, № 20. – P.201301.
телепараллель гравитацсы, массалы гравитациясы, Нетер калибрлік теоремасы, космологиялық шешім