ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСКЕ САЛЫНАТЫН САЛЫҚ ЖЕҢІЛДІКТЕРІН ОҢТАЙЛАНДЫРУ

Жарияланды 2024-12-31
ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ Нөмір 78 № 4 (2024)
№4 (2024)
Авторлар:
  • БУХАРБАЕВ Ш.М.
  • ИМАНБАЕВА З.О.
  • МУСИН Ш.Ш.
  • МУСИН Ғ.Ш.
PDF

Нарықтық экономика жағдайында Қазақстан үшін шаруашылық субъектілеріне салық салуды реттеу мәселесі-өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Себебі, нарықтық экономиканың өзі – кәсіпкерлік экономика. ШОБ субьектілеріне салық салудың бұл тәртіптері нарықтық экономикаға бет бұрған мемлекеттер үшін, яғни жаңа экономикалық өзгерістерге ұмтылған мемлекеттер үшін өте құнды. Шағын және орта кәсіпкерлікке салық салуды мемлекет тарапынан қолдау және қорғау дегеніміз – осы аталған іс-шараны орындаудағы құқықтық, ұйымдастырушылық және экономикалық жағдайда қалыптастыру, мемлекетте жаңа экономикалық құрылымдарды орнату болып табылады. Жеке кәсіпкерлер жалпыға бірдей белгіленген салық режимінде жұмыс істей алады, бірақ оңтайлы жұмыс істеу және ақшаны үнемдеу үшін Қазақстан Республикасының Салық кодексінде әртүрлі арнаулы салық режимдері қарастырылған. Қазіргі таңда Ұазаұстан бюджеті салық түсімдерінің аздығы мен үлкен шығыстардың салдарынан тапшылыққа ұшырауда. Нәтижесінде, қаржыландырудың жетіспеушілігін Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан жабуға тура келеді. Сонымен қатар, кәсіпкерлік субъектілері мемлекеттік бюджеттің кірістілігін арттыруға бағытталған салық жүктелімдерінің ұлғаюына тап болып отыр. Мемлекеттің шағын кәсіпкерге қатысты міндеті – одан салық алу емес, оның өзін жұмыспен қамтамасыз етіп, оны тағы бірнеше адамға беруін қамтамасыз ету, сол арқылы әлеуметтік шиеленісті жеңілдетуі қажет.

БУХАРБАЕВ Ш.М.

экономика ғылымдарының кандидаты, доцент. Баишев университеті, Ақтөбе қ., Қазақстан

Е-mail: buk1403@mail.ru, https://orcid.org/0009-0007-6237-3549

ИМАНБАЕВА З.О.

экономика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, мемлекеттік басқару, қаржы және маркетинг кафедрасының доценті, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе қ., Қазақстан

Е-mail: utegen_z_78@mail.ru, https://orcid.org/0000-0001-6604-4135

МУСИН Ш.Ш.

қаржы мамандығының 2 курс магистранты, Баишев Университеті, Ақтөбе қ., Қазақстан

Е-mail: mussin.sherkhan.o3@mail.ru, https://orcid.org/0009-0003-6239-579X

МУСИН Ғ.Ш.

қаржы мамандығының 2 курс магистранты, Баишев Университеті, Ақтөбе қ., Қазақстан

Е-mail: aidosovarman8@gmail.com, https://orcid.org/0009-0004-9145-2981

  1. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Салық кодексі (өзгертулер мен толықтырулар енгізілген). 1 қаңтар 2018 жыл.
  2. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 100-IV ҚР Заңы.
  3. Алпысбаев С.М., Алтынбекова Е.Ж. Салықтық бақылау негіздері: Оқу құралы. - Алматы: Экономика, 2019.
  4. Максутов Р. Салық және салық салу: Оқу құралы. – Астана: Фолиант, 2019.
  5. Нуржанова М.М. Налоговый контроль: Учебное пособие. - Астана, 2021.
  6. Усенова И. Қазақстан салық жүйесі. Оқу құралы – Алматы: 2017.
  7. Фархатов Т.Н. Налоги и налогообложение. Учебное пособие. 2-е изд. – СПб: Москва, 2021.
нарық, салық, нарықтық экономика, шағын және орта бизнес, салық салу, кәсіпкер