АҚТӨБЕ АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚАУІПСІЗДІГІН ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚОЛЖЕТІМДІЛІК  ТҰРҒЫСЫНАН БАҒАЛАУ

Жарияланды 2024-12-31
ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ Нөмір 78 № 4 (2024)
№4 (2024)
Авторлар:
  • ЯКУДИНА Р.С.
  • КУРМАНАЛИНА А.А.
PDF

Аталған зерттеу Ақтөбе облысындағы азық-түліктің экономикалық қолжетімділігі мәселелеріне арналған. Экономикалық қолжетімділік азық-түлік қауіпсіздігінің негізгі өлшемдерінің бірі болып табылады. Азық-түлік қауіпсіздігіне байланысты мәселелерді шешу жаһандық деңгейде де, ұлттық деңгейде де өзекті. Жұмыста теориялық аппарат және экономикалық қолжетімділікті бағалаудың негізгі әдістемелік тәсілдері талданды. Мақалада халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы табыстары, ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы, халықтың азық-түлік тауарларына жұмсалатын шығыстарының үлесі ескерілген азық-түліктің экономикалық қолжетімділігін сандық бағалаудың экономикалық-статистикалық әдістері ұсынылған. Қазақстан өңірлерімен салыстыра отырып, Ақтөбе облысында азық-түліктің экономикалық қолжетімділігін  бағалау орындалды.

Зерттеу нәтижелері бойынша, Ақтөбе облысында және жалпы республика бойынша халық өз табысының жартысына жуығын азық-түлік тауарларына ғана жұмсайды. Бұл халықтың қолда бар табыстарының сатып алу қабiлетiнiң төмендiгiн білдіреді. Нәтижелер азық-түліктің экономикалық қолжетімділігін арттыруды қамтамасыз ететін бірқатар факторларды анықтауға мүмкіндік берді, олардың ішінде - халықтың табысы, негізгі азық-түлік өнімдерінің баға деңгейі.

Қорытындылар - авторлар нақты әдіснаманы әзірлеу және өңірдегі азық-түлік тауарларының экономикалық қолжетімділік жағдайын бағалауға мүмкіндік беретін индикаторлар жүйесін енгізу қажеттігіне назар аударады. Экономикалық қолжетімділік және Ақтөбе облысының негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін жақсарту тұрғысынан өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін арттыру бойынша практикалық ұсынымдар әзірленді.

ЯКУДИНА Р.С.

докторант, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе қ., Қазақстан.

Е-mail: ryakudina@zhubanov.edu.kz, https://orcid.org/0000-0001-7875-154Х;

КУРМАНАЛИНА А.А.

экономика ғылымдарының кандидаты, доцент, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе қ., Қазақстан.

Е-mail: kurmanalina@mail.ru, https://orcid.org/0000-0002-0729-6401

  1. Тихомирова В.А. Продовольственная безопасность: сущность понятия. Вестник Российского экономического университета имени Г. В. Плеханова. 2015;(6):123-128.
  2. Винокуров, Е. (ред.), Ахунбаев, А., Чуев, С., Усманов, Н., Забоев, А., Малахов, А., Перебоев, В., Ксенофонтов, М., Ползиков, Д., Потапенко, В., Шалимов, В. Продовольственная безопасность и раскрытие агропромышленного потенциала Евразийского региона. Доклады и рабочие документы 23/1. Алматы: Евразийский банк развития. – 2023.
  3. Рейтинг стран мира по уровню продовольственной безопасности // Гуманитарный портал. – URL: https://gtmarket.ru/ratings/global-foodsecurity-index.
  4. Бородин К. Г. Экономическая доступность продовольствия: факторы и методы оценки //Экономический журнал Высшей школы экономики. – 2018. – Т. 22. – №. 4. – С. 563-582. DOI: https://doi.org/10.17323/1813-8691-2018-22-4-563-582
  5. Солодова С. В., Доронин Ю. П. ЗАРУБЕЖНЫЙ ОПЫТ ОЦЕНКИ УРОВНЯ ПРОДОВОЛЬСТВЕННОЙ БЕЗОПАСНОСТИ //Управленческий учет. – 2024. – №. 5. – С. 422-429.
  6. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы: https://stat.gov.kz/region/aktobe/
  7. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы: https://stat.gov.kz/ru/industries/labor-and-income/stat-life/dynamic-tables/
  8. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы: https://stat.gov.kz/ru/region/aktobe/dynamic-tables/37/
азық-түлік қауіпсіздігі, экономикалық қол жетімділік, физикалық қол жетімділік, ең төменгі күнкөріс деңгейі, тұтыну қоржыны